Жамбыл Жабаев шығармаларындағы мифтік образдар

Авторлар

        57 153

Аннотация

Мақалада халық ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері сараланып, мифологиялық талдаулар жасалынған. Ақынның тілдік қолданысындағы мифтік ұғымдағы сөздер жүйеленіп, түсіндірмелері берілген.

Қазақ әдебиеті тарихында ақындық өнерімен елеулі мұра қалдырған ақындардың бірі – Жамбыл Жабаев. Ақын шығармашылығының көркемдігі, өлеңдеріндегі патриотизм әдебиеттану, фольклортануда бүгінге дейін зерттеліп келе жатыр. Дегенмен ақын шығармашылығындағы мифологиялық сарын толық ашыла қоймады. Жамбыл Жабаев шығармаларындағы мифтік бейнелер поэтикалық түстерінің байлығы, салыстырулар мен метафоралынып келуімен ерекшеленіп, халық арасындағы мифологиялық сананы тереңдетіп отырады.

Оның жырларындағы әрбір образ – ауыз әдебиетіміздің қайнары, халық арманы мен қиялынан туған ортақ мүдде. Сол себепті, оның әр шығармасын тереңінен зерттеп, әрбір құбылысқа мән беріп отыруымыз қажет.

Бүгінгі таңда көптеген ғалымдардың еңбектері ауыз әдебиетінің жекелеген аспектілерін, мифтік ескерткіштердің табиғатын зерттеуге арналған. Әдебиеттанушылар мен фольклористермен қатар оларға философтар, лингвистер, тарихшылар, археологтар, этнографтар және басқа да гуманитарлық ғылымдардың өкілдері жүгінеді. Алайда, осы уақытқа дейін Жамбыл шығармашылығындағы мифтік ескерткіштердің мотивтерін бейнелеу туралы монографиялық зерттеу жоқ. Мақалада Жамбыл Жабаев шығармашылығының негізгі қайнар көзі ретінде халықтық поэзия алынып, ақынның дәстүрді жалғастырудағы өзіндік қырлары айқындалған.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі мифтік ұғымдарға деген қызығушылық оның қалыптасу тенденцияларының тарихилығына ғана емес, сонымен бірге ұлттық сананың рухани дамуына тигізген орасан зор әсерімен де анықталады. Біздің ойымызша, Жамбыл Жабаев шығармаларындағы мифтік образдарды анықтау мәселесі, мифтік образдардың әрбір ғасырдағы танымдық сипатын егжей-тегжейлі зерттеу үшін маңызды тақырып болып табылады. Бұл осы жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Түйін сөздер: жыр, миф, образ, мифология, ұғым, әдебиет, фольклор, дүниетаным, мифологиялық сана

 

Жүктелулер

Как цитировать

Seitkazy, Y. K., & Maulenov, A. A. (2023). Жамбыл Жабаев шығармаларындағы мифтік образдар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 174–182. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4173

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение