Студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін IDI мәдениетаралық даму сауаланамасы негізінде бағалау
Аннотация
Аталмыш мақала көптілділік жағдайында студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін бағалауға арналған. Зерттеудің өзектілігі біздің елімізде тұтас ғылыми және білім беру кеңістігін құратын, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатыса алатын жан-жақты және білімді мамандарға қажеттілікті қалыптастыратын интеграциялық процестерге байланысты. Мәдениеттердің барлық түрлерінің өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау үшін біздің еліміздің қазіргі студенттерінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Бұл мақаланың мақсаты мәдениетаралық даму сауалнамасы негізінде студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін бағалауды ғылыми негіздеу және әзірлеу болып табылады. Зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік дереккөздерге талдау жасалды, белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары қаралды. Зерттеудің нәтижелі қорытындыларын алу үшін келесі ғылыми-зерттеу әдістері анықталды: теориялық жалпы ғылыми ақпарат жинау әдістері, талдау, синтез, логикалық талдау, индукция, дедукция, ғылыми объективтілік және жүйелеу; сондай-ақ танымның эмпирикалық әдістері (эксперимент және сипаттама). Мақалада мәдениетаралық коммуникативтік оқытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын сауалнамаларды қолдану қарастырылған, жүргізілетін зерттеудің практикалық маңыздылығы осы мақаланың материалын студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін неғұрлым тиімді бағалау үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының педагогтері пайдалана алатындығында; сондай-ақ, бұл материал практикалық сабақтар мен семинарларға дайындық кезінде “Мәдениетаралық қарым-қатынас”, “Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініндегі базалық шетел тілі” дайындық бағыттарын зерттейтін студенттерді қызықтыруы мүмкін.