Жарнамалық коммуникация бірлігі ретіндегі жарнама мәтінінің функциялары

Авторлар

        142 192

Аннотация

Бұл зерттеу жарнама тілін зерттеудегі коммуникативтік факторға қызығушылықтың артуына байланысты антропоцентристік бағытқа негізделіп, сипатталады. Бұл тұрғыда жарнамалық мәтінді/мәлімдеуді қалыптастыру мен қабылдауды зерттеуге көп көңіл бөлінеді. В. фон Гумбольдт, Е. Бенвенист, Т. Кун, М.М. Бахтин, В.В. Виноградов, А.А. Потебня және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қолданылған антропоцентристік тіл идеясы аталған зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қабылданады. Қазіргі қоғамның коммуникация процесіне және оны оңтайландыру мәселесіне қызығушылығының артуына байланысты аталған аспектімен қатар сөйлеу әсері де зерттеледі. Мақалада жарнама мәтіндерінде әртүрлі вербалды және вербалды емес тілдік әдістердің жиынтығын қолдану жарнаманың коммуникативтік-прагматикалық мақсаттарына жетуіне себеп болатыны дәлелденеді. Нәтижесінде жарнамалық коммуникация бірлігі ретінде ерекшелігін анықтайтын жарнама мәтінінің құбылысы анықталады. Жарнамалық шығарманың типологиялық сипаттамасын және оның мазмұны мен формасына қойылатын талаптарды білу арқылы жарнамалық мәтіндерді құру тиімділігін арттыру жолдары көрсетіледі. Мақалада қолданылған филологиялық талдау жарнама мәтіндерінің функционалдық ерекшеліктерін, олардың дәлдік мақсатын және практикалық қолданудағы коммуникативті және прагматикалық мүмкіндіктерін ашып береді.

Түйін сөздер: жарнама тілі, жарнама мәтіні, жарнамалық коммуникация, жарнама тілінің вербалданған компоненттері, жарнама мәтінінің коммуникативтік-прагматикалық ерекшеліктері.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Seidenova, S. D., & Nurkhanov, Z. N. (2023). Жарнамалық коммуникация бірлігі ретіндегі жарнама мәтінінің функциялары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 68–79. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4181