Тарихи прозадағы уақыт пен кеңістік интеграциясы

Авторлар

        98 878

Аннотация

Мақалада уақыт пен кеңістік жылжымалы ұғымдардың жиынтығы екендігі жан-жақты талданады. Тарихи романдарда кеңістік пен уақыт байланысының мәні ерекше екені сараланады. Кеңістік пен уақыт қатынасының тарихи туындыларда өзіндік берілу ерекшелігіне терең сараптама жүргізіледі. Туынды сипатының өзі тарихи оқиғаға құрылғаннан кейін мұндағы кеңістік пен уақыттың қатынасы өзінен-өзі реттеліп отырады айтылады. Автордың  хронологиясы орныққан тарихи жағдайды суреттеп, бейнелеуде өзіндік модельді ұсынылады. Мәселен, Шыңғысхан тарихнамасында дәуірге кең ауқымды түсіндірме жасалады. Автор өзі межелеген уақыт пен кеңістіктің ауқымынан асып, Шыңғыс хан өмірге келгенге дейінгі кезеңді суреттеп, мәліметтерді саралап, толықтыру үстінде, хикаядағы уақытты ірі оқиғалардың өту кезеңімен сәйкестендіреді. Осы ретте, туындыда кеңістік пен уақыт моделінің барлық түрі тоғыса байланыстырылған. Тарихи роман негізінен ақиқат деректерге, құжаттық, дәйекті материалдарға құрылатындықтан мұндағы кеңістік, уақыт байланысының өзіндік ерекшелігі айтылады. Нақтылық, дәйектілік, автордың көркемдік уақыт пен шынайы уақыт арасын жақындатуы, динамикалы және қозғалыстан тыс оқиғалардың ара жігінің саралануы, өткеннің, қазіргінің және болашақтың қарым-қатынасының орнығуы мақалада орын алған.

              Түйін сөздер: кеңістік, уақыт, релятивтік концепция, мекеншақ, ата қоныс

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Dalelbekkyzy, A. (2023). Тарихи прозадағы уақыт пен кеңістік интеграциясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 134–146. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4258

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение