Б.Сүлейменовтің әдеби ертегілері туралы
Аннотация
Мақалада қазіргі балалар әдебиетінің даму үрдістері әдеби ертегілер негізінде қарастырылған. Қазіргі қазақ балалар жазушысы Б.Сүлейменовтің әдеби ертегілерін зерттеу нысанына ала отырып, балаларды тәрбиелеудегі ертегі жанрының атқаратын қызметі ғылыми сараланған. Жазушы балаларға арнап «Жанайқай», «Горилла адам», «Туған күніңмен, Айтұмсық!», «Жыртқыш балық жайлы хикая», «Алабай-Далабай», «Африканы арқалаған Кака», «Қыранның қанаты жылайды», екі повестен тұратын «Хан шатырдан – Күн шатырға саяхат!» ертегілерін жазды. Жазушының ертегілерін топтау, жүйелеу, талдау арқылы оның шығармаларының басым көпшілігі хайуанаттар туралы екендігі анықталған. Әдеби ертегілерді талдауда балалар әдебиетіндегі сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдық мәселесіне көңіл аударылған. Жазушы ертегілеріндегі мазмұндық ізденістер ұлттық әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық аясында бағамдалған. Қазіргі балалар прозасындағы көркемдік-эстетикалық жетістікті саралауда жазушының хайуанаттар туралы ертегілеріне талдау жасалған.
Автор ертегі жанры туралы отандық және шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, дәстүрлі ертегілер мен авторлық ертегілердің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы тұжырым жасаған. Қазіргі балалар жазушысы Б.Сүлейменовтің тақырып таңдаудағы ізденістері әдеби ертегілердің мазмұнын толықтыруға қызмет етеді. Хайуанаттар туралы ертегілерден көркем шығарманың танымдық қызметі анықталып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі авторлық ұстаныммен айшықталған.
Түйін сөздер: балалар әдебиеті, проза, көркем әңгіме, ертегі, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыстық ертегі, авторлық ертегі.