Қазақ туристік дискурсының теориялық және паремиологиялық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph010Аннотация
Мақалада туристік дискурстың қазақ лингвистикасындағы көріністері қарастырылды.
Туристік дискурс – тілдегі жаңа туристік мәтіндерді зерттейтін сала. Лингвистикалық нақты
дефинициясы орнықпағандықтан, шетелдік әдебиеттерге шолумен бірге әр ғалымның
зерттеулерін жеткізуге ұмтылыс жасалды.
Туристік дискурста жарнама, шартты белгілер, қысқа мәтіндер, жаргон және жаңа сөздер
болғандықтан, қазақша метатілі қалыптасып үлгермегендігі айтылды. Халықтың өмір салты,
мәдениеті, ұлттық болмысы ежелден қалыптасқан мақал-мәтелдерінде, сөздік бірліктерінде
айқын көрініс табады. Туристік дискурс қазақ тіл біліміне жаңа сала болса да, тілдік қорымызда
саяхат, туристік маршруттарға байланысты материалдар кездеседі. Туристік дискурсқа қатысты
шетелдік зерттеулер біршама болғанымен, туристік лингвистикалық қорымыздағы ғылыми әдеби
база толығуды, зерттелуді қажет етіп тұр.
Тілдегі туристік дискурсқа байланысты сөздік қорымыздан мысалдар келтіріліп, өзге
тілдермен, оның ішінде ағылшын, түрік тілдерімен, сонымен қатар өз тіліміздегі баламалары
мен аудармалары салыстырылды. Жарнама мәтіндерінде берілетін ұран, кілт сөздердің туристік
дискурстағы орны көрсетілді. Сондай-ақ тілдегі бейвербалды амалдар да туристік дискурстың
маңызды тілдік құралы болады.
Тіл – динамикалық құбылыс. Әр кез жаңартулар мен толықтыруларды қажетсінеді. Соған
сәйкес туристік дискурс та үнемі қоғам мен техника дамуына сәйкес жаңарып, уақыт факторына
бағынып отырады.
Түйін сөздер: Туристік дискурс, жарнама дискурсы, паремия, мәтін, ұран.