Түркітілдес халықтардың әдебиетіндегі соцреализм эстетикасының қалыптасуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v191.i3.ph1
        122 214

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – бұрынғы одақтас республикалардың түркітілдес халықтары әдебиетіндегі социалистік реализм эстетикасының қалыптасу процестерін зерттеу.

Социалистік реализм ХХ ғасыр әдебиетінің бағыты ретінде ең алғаш рет орыс әдебиетінде сонау кеңестік дәуірге дейін халықтық, ал кейінен пролетарлық әдебиет ретінде қалыптаса бастаған болатын. Кеңес билігінің орнау кезеңінде әдебиетті мемлекеттендіру саясаты әдебиеттегі бірыңғай эстетикалық жүйені талап етті. Барлық қолданыстағы жүйелердің ішінде бұл талаптарға 1932 жылы КСРО жазушылар одағы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы И.Гронский социалистік реализм деп атаған бағыт тура келді. Орыс әдебиетіндегі соцреализм эстетикасын қалыптастыру әдебиеттегі көркемдік құбылыстармен және кеңес мемлекетінің ресми дотринасымен негізделді. 

КСРО-ның түркітілдес халықтарының әдебиетіндегі соцреализм әдеби бағыт ретінде әдебиетті мемлекеттендіру саясатының салдары ретінде ғана пайда болды. Көптеген ғасыр бойы бұл халықтардың әдебиеті жалпытүркілік рухани-діни және мәдени-мифологиялық тірекке сүйенсе, ал ХІ ғасырдан ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде шығыстың классикалық әдебиеті мәнмәтінінде дамыды.

Соцреализм эстетикасының қалыптасу кезеңінде бұрынғы КСРО-ның түркітілдес халықтарының әдебиеті дұрысында эпигондық әдебиетті еске түсіреді. Дегенмен, бейнелер жүйесі, шығарманың желілік пішіндемесі, композициялық және архитектоникалық үлгісі орыс кеңес әдебиетінен айтарлықтай өзгешелеу болды. Авторлар халықтың ауызекі шығармашылығы дәстүрі мен шығыстың классикалық әдебиетіне сүйенді.

Түйін сөздер: социалистік реализм эстетикасы, түркітілдес халықтардың әдебиеті, әдебиетті мемлекеттендіру саясаты, эпигондық әдебиет.

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Dursunova, F. A. (2023). Түркітілдес халықтардың әдебиетіндегі соцреализм эстетикасының қалыптасуы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 4–12. https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v191.i3.ph1