«Ұлпан» романындағы әйел тағдыры

Авторлар

        501 338

Аннотация

Мақалада Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы әйел бейнесі жан-жақты қарастырылады. Әйел бейнесін зерттеу қашан да өзекті мәселелердің бірі. Автор әйел бейнесін ашу мақсатында шығармада ұлттың салт-дәстүрімен, құндылықтарымен сабақтаса талдайды. Сонымен қатар, романда кездесетін қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, күнделікті тұрмыс-тіршілігі көрінісінен әйел теңсіздігі мәселесін көтереді. Сол кездегі қоғамда құдаласу, қыз алып қашу, тоқал, әмеңгерлік, қалыңмал әйелдің отбасындағы орнына әсер ететін факторлар болып табылады. Жұбайы қайтыс болған кезде мұрагерлікке ие болуына да некелесудің түрі әсер етеді. Бұл мақалада қазақ әйелінің тағдыры некелесу салты тұрғысынан зерттелді. Өйткені бұл дәстүрлер түркі халықтарының барлығында, тіпті дүние жүзіндегі басқа халықтарда да бар және әсіресе бұл әйелдердің өміріне әсер етеді. Бұл зерттеу неке мен әйел тақырыбын қозғайтын мыңдаған шығармалардың бірі ғана болып табылатын қазақ романы арқылы қарастырылды. Автор шығарманың бас қаһарманы Ұлпанның іс-әрекетін талдай отырып, қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, шыдамдылықты, еліне деген сүйіспеншілікті ашып көрсетеді. Мақалада автор «Ұлпан» романының түрік тіліне аударылған нұсқасы жайлы сөз қозғайды. Түрік ғалымдарының «Ұлпан» романы туралы айтқан пікірлерін салыстыра отырып қорытындылайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Yildiz, N. (2023). «Ұлпан» романындағы әйел тағдыры. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 149–157. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4296

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение