Экспрессивтік стилистика: аллитерация және ассонанс парадигмалары
Аннотация
Аннотация. Мақаланың зерттеу тақырыбы қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі кластерлік тұрғыдан дамып, сан түрлі коммуникативтік қажеттілікті өтеуі, негізінен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Қоғамда тіл айрықша маңызды рөл атқаратындықтан, адамның көңіл-күй толғанысын, сезімін жеткізудің басты құралына айналған. Себебі, тіл адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылым болып табылады.
Мақаланың мақсаты қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының ұлттық танымдарға бейімделген ақыл-ой өрісінің пайымдаулармен тоғыстырылуындағы функционалдық, құрылымдық трансформациалануы, куммулятивтік, концептуалдық мәнін анықтау. Зерттеу барысында философияның танымдық теориясы мен диалектикалық логика, психолинвистикадағы тіл мен сөйлеуді сабақтастыратын теорриялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы тіл тарихи категория ретінде үнемі даму процесінде болып, эмоцияны сыртқа шығарып, шынайы мүмкіндігін жүзеге асыруы болып табылады. Сөйлеу парадигмасында сөз әр қырынан ашылып, эмоцияны жеткізудегі экспрессивтік қызметпен ұштасады. Сондықтан, аталған мәселені зерттеу барысында экспрессивтік стилистика саласын зерттеген әлемдік және отандық ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Мақаланың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда ғылыми пайымдаулар, диахронды, тарихи, салыстырмалы, синхронды, салыстыру, сипаттау, талдау, модельдеу әдістері қолданылды. Тілдегі экспрессивтік әлеует ұлттық төлтума қасиет-сапалар ұрпақ жалғастығымен дамытылатыны зерттеліп келеді. Қазақ тілінің экспресситік стилистикалық мәселелерін тереңнен зерттеу ұлт болмысының мазмұнын ашуды міндеттейді.
Мақала нәтижесінде экспрессивтік стилистиканың мазмұны, ұғымдары жүйеленіп, қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметі, сипаты нақты тілдік деректер арқылы талданып, мысалдар арқылы дәйектелеі. Аллитерация және ассонанстың дыбыстық қайталауларға негізделіп, стилистикалық мәнерлікті күшейтудің айрықша амалы ретінде клишеге түсірілген синтаксистік құрылымдарда, мақал-мәтелдерде, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста кеңінен қолданылатыны талданды. Фоностилистикалық құрал қызметін атқаратын ассонанстық қайталамалар сөйлеуге әуенділік үстеп, эмоционалдық түрде қабылдауға мүмкіндіктер беретіні анықталды. Аллитерация және ассонанстың мәтіндегі стилистикалық әсері қарастырылды.
Кілт сөздер: экспрессивтік стилистика, аллитерация, ассонанс, фоностилистика, пароэмион, аттрактант, дыбыстық қайталау.