Әдебиеттер байланысындағы аударманың рөлі

Авторлар

  • B. O. Оrazova Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова, Казахстан, Караганда http://orcid.org/0000-0002-2784-7311
  • Zh. Zh. Zharylgapov Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова, Казахстан, Караганда http://orcid.org/0000-0002-5436-8498
        84 109

Аннотация

Мақалада қазақ әдебиетінің даму үрдісі, идеялық - эстетикалық жаңалық сипаттарын әлемдік мәдениет контекстінде қарастырылады. Адамзаттың мәдени-әдеби дамуындағы ортақ заңдылықтар мен поэтикалық тұтастықтардың қазақ әдебиетіндегі көрінісі, әдебиеттер арасындағы типологиялық байланыстыры айқындалады. Бұл ерекшеліктерді ашып көрсетудегі салыстырмалы әдебиеттанудың әдіс-тәсілдерінің рөлі көрсетіледі. Әлеуметтік - тарихи дамудың бірдей сатысында тұрған халықтар әдебиетін салғастыра отырып, әдеби процестегі ортақ әдеби құбылыстар заңдылығын ашудың жолдарын көрсеткен бірнеше ғылыми мектептердің концепцияларына баға беріледі. Бірнеше әдебиеттердің өзара тәуелділіктері мен ұқсастықтарына қарап зерттеуде қалыптасқан «Litterature generale» («Жалпы әдебиеттану»), бірнеше халықтардың әдебиетінде кездесетін ортақ сипаттарды талдаудан келіп шыққан «жалпыадамзаттық әдебиет», «халықаралық ағымдар» идеяларына жан-жақты сараптаулар жасалады. Сонымен қатар, әлемдік колониялық жүйенің құлауымен және уақыт өте келе генеологиялық тұрғыдан біртұтас болған халықтардың өз алдына дербес саяси-мәдени, қоғамдық - тарихи даму жолына түскен ұлттар әдебиетіндегі сақталып қалатын ортақ заңдылықтар ашылады. Көркемдік дамудың ең жоғарғы сатыларында болған «ескі» ұлттардың әдебиеті мен салыстырмалы қарағанда «жаңа» ұлттар әдебиетінің қатар өмір сүруі әдебиеттік дамудың әр ұлтта әркелкі болғанынына мысалдар келтіріледі. Еуропа елдерінің жүріп өткен классицизм, романтизм, реализм, натурализм, модернизм т.б. «классикалық» дәуірлері жекелеген ұлттар әдебиеті (оның ішінде қазақ әдебиеті бар) біршама кейінгі уақыттарда басынан өткеруі сияқты құбылыстар да мақалада қозғалатын үлкен мәселелердің бірі. ХІХ-ХХ ғасырларда қазақтың әдеби – мәдени дамуына шығыстық ықпалдардан гөрі батыстық, оның ішінде Еуропалық әсердің анағұрлым мол болғаны анықталады.

Жүктелулер

Как цитировать

Оrazova B. O., & Zharylgapov, Z. Z. (2023). Әдебиеттер байланысындағы аударманың рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 234–245. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4338