О. Бөкеевтің «Ардақ» әңгімесінің құрымдылық-семантикалық кешені

Авторлар

  • K. B. Kubdasheva Алматинский университет энергетики и связи имени Гумарбека Даукеева, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-2310-6217
  • M. K. Nurmahanova Алматинский университет энергетики и связи имени Гумарбека Даукеева http://orcid.org/0000-0002-2073-2271
        59 126

Аннотация

Мақалада құрылымдық-семантикалық кешеннің моделін қолдана отырып, белгілі жазушы Оралхан Бөкеевтің «Ардақ» әңгімесі талданады.
Мәтін құрылымын модельдеу кезінде, әртүрлі деңгейлерді бөлімдеге бөлу арқылы көркем мәтінді толық және жан-жақты талдауға болатыны туралы айтылады. Әр деңгейдің компоненттері белгілі бір көркемдік функцияларды орындайды. Модель шығарманың идеясы мен тақырыбын ашады, сюжеті мен композициясын қарастырады, баяндау құрылымын анықтайды сонымен қатар шығарманың хронотопын анықтайды.
Бұл мақалада осы мәселелерді идеялық-тақырыптық, сюжеттік-композициялық, кеңістіктік-уақыттық, сипаттамалық және сөйлеу деңгейлерін бөліп көрсету арқылы шешуге болатыны туралы айтылады. Көркем мәтінді деңгейлерге бөлу арқылы прозалық шығарманы мұқият және жан-жақты талдауға ықпал ете отырып, шығарманың тұтастығын жан-жақты ашуға көмектеседі.
Шағын көлем, оқиға кейіпкерлерінің өміріндегі нақты жағдайын, сюжеттің динамикасын, кейіпкерлер мен пейзаждың сипаттамасын шығарманың идеясын неғұрлым ауқымды жеткізуге бағытталған.
Көркем мәтіннің барлық деңгейлерін зерттеу жазушының шығармашылығындағы жаңа қырларын ашуға, оның дүниетанымының ерекшелігін түсінуге, шындық құбылыстарын бейнелеудегі шеберліктің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Теориялық модельдеу бұл тұрғыда әдеби шығарма әлемін түсінудің ең өнімді және тиімді әдісі болып табылады.
Түйінді сөздер: деңгей, сюжет, композиция, кеңістік, уақыт, портрет, сөйлеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Kubdasheva, K. B., & Nurmahanova, M. K. (2023). О. Бөкеевтің «Ардақ» әңгімесінің құрымдылық-семантикалық кешені. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 140–148. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4362

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение