Педагогикалық дискурс аясындағы жаһанданудың көрінісі

Авторлар

        93 125

Аннотация

Жаһандық пандемия салдарынан өте қысқа мерзімде туындаған  оқыту, кәсіби жұмыспен қамту және қарым-қатынас форматтарының өзгеруі тілдік инновациялардың бір түрі ретінде орыс тілінің интернационалдандыруына және әлемдік кеңістіктегі қолданылатын ұғымдарды біріздендіру мақсатында ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келуіне ықпал етті.

Қазіргі дәуір қоғам сұранысынан туындаған белсенді түрде жаңа сөз жасау мен неологизмдердің пайда болуымен сипатталады.Педагогикалық дискурсқа англицизмдердің ену қарқындылығы лингвисттердің осы тәсілдердің алуан түрлілігін қадағалау, бекіту, жіктеу және зерттеу міндетін айтарлықтай қиындатады.

Бұл мақалада пандемия және қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында жаһандық өзгерістерге байланысты педагогикалық дискурста ағылшын тілі негізінде алынған сөздерді талдау және жаңа түсініктердің пайда болуы ұсынылған. Мақалада әртүрлі көздерден үздіксіз іріктеу нәтижесінде таңдалған тілдік бірліктер корпусын талдау негізінде осы құбылыстың оң және теріс жақтарын түсінуге әрекет жасалады, атап айтқанда оқытушылар мен студенттердің сөйлеген сөздерін, оқыту платформаларының интерфейсін, интернет қарым-қатынасты (университеттердің әлеуметтік желілері, мессенджерлер, форумдар, блогтар және т. б.) бекіту.

Сонымен қатар, мақалада оқу материалын игерудегі және білім беру нұсқауларын түсінудегі қиындықтарға байланысты енген кірме сөздердізерделеу қажеттілігі мен уақытылылығы туралы ой дәлелденеді.

Түйін сөздер: жаһандану, пандемия, коронавирус, кірме сөздер, педагогикалық дискурс.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kuznetsova, I., & Shaimerdenova, N. (2023). Педагогикалық дискурс аясындағы жаһанданудың көрінісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 102–111. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4368