Әлихан Бөкейхан және кітап сыны

Авторлар

  • Sh. Kurmanbaiuly Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-4587-4452
        91 163

Аннотация

Жаңадан басылып шыққан ғылыми, әдеби кітаптар мен ғылыми мақалаларды, жаңа өнер туындыларын мамандардың сарабынан өткізіп рецензия жазу дәстүрі жазба әдеби тілі мен ғылымы өркендеген елдерде ертерек қалыптасқан.  Ал қазақ тілінде рецензия жазу ұлт тіліндегі түрлі кітаптар шыға бастаған ХХ ғасыр басында қолға алынды. Бұл іспен жүйелі түрде айналысып, қазақ тіліндегі оқулық, ғылыми, әдеби кітаптарға алғаш рецензия жазған қазақ зиялысының бірі Әлихан Бөкейхан. Ол ұлт тілінде кітап шығару ісіне, олардың сапасы мен аудармасына ерекше көңіл бөліп, жарық көрген түрлі әдебиеттерге сын пікірлерін үздіксіз жазу арқылы қазақ  рецензия жанрының қалыптасуына негіз қалап, бұл істе үлгі көрсетіп, жол салып берген қазақ білімпазы. Мақалада Ә.Бөкейханның рецензия жазудағы мақсаты, оның рецензияларының өзіндік ерекшеліктері жан-жақты сараланып, мұндай шағын көлемді талдау еңбектерінің ХХ ғасыр басында атқарған рөлі сөз болады. Ол жазған рецензия түрлері мен тілдік өзгешеліктері көрсетіледі.

Қазір рецензия түрлері, олардың стильдік-құрылымдық ерекшеліктері мен оның жеке жанр ретіндегі өзіндік сипаты анықталды. Ғылыми рецензия ғылыми еңбекті сараптаудың, бағалаудың бірден-бір тәсіліне, ал әдеби рецензия әдебиеттің бөлінбес бөлшегіне айналды. Мақалада осы жанрдың қай кезеңнен бастау алып, қалай қалыптасқаны, қазақ кітаптарына алғаш рецензия жазған алаш зиялысының еңбектері туралы бірінші рет арнайы сөз болып отыр. Көп қырлы тұлға,  энциклопедиялық білім иесінің мұрасын сала-салаға бөліп зерттеуде оның кітап сынына, алғашқы қазақ кітаптарын рецензиялауға, осы жанрдың орнығуына қосқан үлесін анықтау әлиханттанудың маңызды мәселесі.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kurmanbaiuly, S. (2023). Әлихан Бөкейхан және кітап сыны. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 123–135. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4385

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение