Орта мектепте фольклорды оқытудың әдістемесі
Аннотация
Халық әндері, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар адамға эмоционалды түрде әсер етуімен маңызды, ал фольклорды зерттеу өз халқының рухани дүниетанымын, мәдениеті мен тарихын тереңірек түсінуге және сезінуге мүмкіндік беретіні қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі, қазіргі таңда орта мектептегі білім беру процесінде фольклорды оқытудағы көңіл бөлінуге тиісті мәселелерге негізделген. Зерттеу мақсаты, қазақ орта мектебінде жүргізілетін тіл білімінің арқасында, фольклордың ролін анықтау, оның негізгі жанрларын бөліп көрсету, фольклорды оқытудың негізгі тәсілі мен әдістерін көрсетеді. Бұл тақырыпты нақтылауда, салыстырмалы, сипаттамалық, дедуктивті және аксиоматикалық әдістер, догматикалық және абстракция әдісі, сондай-ақ талдау және синтез әдісі қолданылды.Зерттеу нәтижесі, фольклор ұғымын анықтау, жанрлардың жіктелуін қарастыру болды. Зерттеу жұмысының эмпирикалық бөлігі, 44 оқушы арасында жүргізілген сауалнамадан, сондай-ақ Қазақстанның орта мектептерінің 15 жоғарғы санатты мұғалімдерінен фольклорды оқыту әдістемесі, оның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге әсері және жалпы оқу процесін жандандыру туралы сауалнамадан тұрады.Мақалада, қазақ фольклоры және оның құрамдас бөліктері қарастырылып, мектепте фольклорды оқыту моделі көрсетілген. Зерттеуде белгілі бір ерекшеліктерді бөліп көрсетуге және Қазақстанның білім беру жүйесіне фольклорды оқыту әдістемесін одан әрі енгізу бағдарламасын бағалауға, сондай-ақ 5-6 сыныпқа арналған қазақ фольклорын зерделеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.Бұл тақырыптың практикалық маңыздылығы, орта мектептерде фольклорды оқытудың белгілі бір әдістерін қолданудың тиімділігіне әсер ететін негізгі әдістемелік аспектілерге байланысты.