“Имандылық”, “имансыздық” этикалық концептілерді контрастивтік- салыстырмалық, этико-лингвоэкологиялық және когнитивтік тұрғыдан қарастыру әдісі (Абайдың шығармаларының материалында)

Авторлар

  • K. K. Karimova Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана http://orcid.org/0000-0001-6442-9293
  • G. Kozhbayeva Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, Алматы, Казахстан http://orcid.org/0000-0002-0451-5269
  • R. Seidakhmetova Казахская национальная академия хореографии, Астана, Казахстан http://orcid.org/0000-0003-3347-466X
  • Sh. Saimkulova Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, Алматы, Казахстан http://orcid.org/0000-0002-1910-4163
        92 88

Аннотация

 

Мақала “имандылық”, “имансыздық” концептілерді этикалық лингвоэкологиялық, контрастивтік-салыстырмалық және когнитивтік тұрғыдан қарастыруға бағдарланған. Жұмыстық мақсаты: этикалық концептосфераға жататын қарама-қарсы қойылған концептілердің құндылықтық және құнсыз, тұлғаның игілікті және мейірімсіз қылықтармен байланысты ұғымдарды этикалық лингвоэкология ғылымының тұрғысынан зерттеу. Негізгі идея - зерттелініп жатқан концептілерді Абайдың шығармаларында антитезалық, адамның қарама-қарсы түрде қалыптасқан қасиеттері ретінде көрсетіп, Абайдың осындай этикалық концептілерді зерделеп, өңдеудегі рөлін анықтау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы: зертелелінген концептілер этикалық (адамның ішкі дүниесін үйлестіретін, оның қауіпсіздігін қамтитын және адамның жағымсыз қасиеттерін, қылықтарын жүзеге асыратын этикалық емес, адамды қоршаған ортаға қауіп тудыратын) концептілер ретінде сипатталған. Жұмыстық практикалық құндылығы. Мақалада кешенді (контрастивтік-салыстырмалық, концептуалдық талдау, когнитивтік-дискурстық әдістер қолданған, оларды пайдалану әдістемесі көрсетілген. Мақалада интегралдық методологиялық парадигма қолданған. Осындай парадигма антропо орталықтық, экспансионистік, функционалдық принциптерге негізделген. Олар мақалада адамның жағымды-жағымсыз ұстанымдарымен байланысты концептулерді зерделеу барасында пайдаланылады. Экспансионистік ұстаным күрделі объектіні қарастыруда әртүрлі ғылымдардың (контрастивтік-салыстырмалық лингвистика, когнитивтік лингвистика, этикалық лингвоэкология) білімдерін кешенді түрде қолдануға мүмкіншілік тудырады. Ал функционалдық ұстаным зерттелінетін концептілердің қызметтерін қарастыру барысында жүзеге асырылады. Зерттеу барысында келесі нәтижелер алынған: қарама-қарсы қойылған этикалық концептілер сипатталған; оларға берілген этикалық баға көрсетілген; қарастырылған этикалық концептілердің экологияның қоршаған орта мен қауіпсіздендіру заңын жүзеге асыру, асырмау жағдайларына қатысы анықталды. Абайдың мәтініндегі этикалық концептілердің қолдануы, адамның қасиеттерін сипаттайтын құндылықтық концептілер ретінде қалыптасуы дискурстық талдау арқылы анықталды. Қорытынды: контрастивтік-салыстырмалық, когнитивтік және этикалық лингвоэкологиялық тұғырдан зерттелінген концептілерді этикалық концептосфераға жатқызуға болады себебі этикалық концепт (“имандылық”) адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіруге себін тигізеді, ал адамның жағымсыз қылықтарын білдіретін концепт (“имансыздық”) оның рухын төмендетеді; қоршаған ортаға жағымсыз ықпал жасайды. Осындай концептілерге позитивтік ие негативтік баға беруге болады.Зерттеудің құндылығы оның этикалық лингвоэкологияның ғылымына қосқан үлесінде, себебі оның контрастивтік-салыстырмалық саласы дамытылады және интегралдық әдістемелік парадигманың әдістемесі өңделінді.

 

Тірек сөздер: этикалық тұжырымдамалар, этикалық лингвоэкология, экспансионизм, функционализм, антропоцентристік тәсіл, экологиялық заң, интегралды әдістемелік парадигма.

Жүктелулер

Как цитировать

Karimova, K. K., Kozhbayeva, G., Seidakhmetova, R., & Saimkulova, S. (2023). “Имандылық”, “имансыздық” этикалық концептілерді контрастивтік- салыстырмалық, этико-лингвоэкологиялық және когнитивтік тұрғыдан қарастыру әдісі (Абайдың шығармаларының материалында). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 250–258. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4458