Жайық-Каспий өңірі әдебиеті: жанрлық даму өрісі (мысалшы ақын Аманғали Сарқұлов шығармаларының ерекшелігі)

Авторлар

        48 72

Аннотация

Мақалада Жайық-Каспий өңірі әдебиетінің жанрлық даму бағытына назар аударылған. Зерттеу нысанына аймақ қаламгерлерінің бірі, мысалшы ақын Аманғали Сарқұлов туындылары алынған, аталған жанрды игерудегі ізденістері қарастырылған. Ақынның мысал өлеңдерінің жазылуы, авторлық ерекшеліктері мен стиль табудағы дайындықтары оған дейінгі қазақ әдебиетінің сатира, мысал жанрында қалам тербеген ақын-жазушылар дәстүрінен бастау алатыны айтылып, шолу жасалынған.

Сонымен бірге мақалада мысал жанрының жалпы әлемдік әдебиеттегі даму үдерісі, оны зерттеуші ғалымдардың әрқилы көзқарастары, пікір-пайымдары мен тұжырымдарына, жанрды жаңаша тану мен оның даму, жетілу жолындағы жетістіктеріне оның өткен тарихына сипаттама жасау арқылы тексеруге ұмтылыс жасалған.

Өткен дәуірлерде, қоғам дамуының ғасырлық қозғалысында көркем сөз өнерінің кіші эпикалық жанры боп табылатын мысалды шығармалар әу баста прозалық, кейіннен поэзиялық туындыға айналып дамыды. Әлемдік әдеби-рухани байланыстар жүйесінде үштаған (Эзоп – Лафонтен – Крылов) боп түзілген жанрдың классикалық түрге айналуында бірнеше халықтар әдебиетінің (дәстүр және жаңашылдық) үлес салмағы жатыр.

Соның ішінде аға буын қазақ мысалшы ақындардың ізін жаңарта жалғап, жанрға жаңаша жан бітірген ақын А. Сарқұлов мысалдарының тақырып аясы күрделі әдеби үдерістерден тұрады. Қазіргі дәуірдегі, қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстарды ақын жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің тілі мен кейпінде аллегориялық тәсілмен сипаттап, аямай сынап, астарлап жеткізіп отырады. Ақын мысалдарының түпкі өзегінде біз өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығы жатырғаны анық, автор өз оқырмандарын одан сабақ алуға шақырады. Мақала авторлары А. Сарқұлов мысалдарына әдеби, ғылыми талдаулар жүргізу нәтижесінде ақын туындыларының мазмұндық, тақырыптық-идеялық мақсатын айқындауға қол жеткізген.

Кілт сөздер: Жайық-Каспий өңірі, әдеби өлкетану, сатира, мысал, поэтика, жанр, аллегория.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Mutiyev, Z. Z., Mukhanbetova, Z. O., & Beisenova, G. A. (2023). Жайық-Каспий өңірі әдебиеті: жанрлық даму өрісі (мысалшы ақын Аманғали Сарқұлов шығармаларының ерекшелігі). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 136–146. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4517

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение