Британия газет дискурсындағы мәдениеттік ерекшеліктер: лингвомәдени талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph3Аннотация
Бұл мақалада The Times және The Guardian газеттерінде қолданылатын тілдің мәдени ерекшеліктеріне назар аудара отырып, қазіргі британдық газет дискурсына жан-жақты талдау жасалған. Британдық публицистикалық стильдің ерекшеліктерін жақсы түсіну тұрғысынан публицистикалық дискурс мәселелері қазіргі лингвистиканың назарында. Зерттеу 2005-2023 жылдар аралығында жарияланған газет мақаланы жан-жақты талдау арқылы британдық мәдениет пен менталитет сипаттайтын тілдік белгілерді талдайды. Таңдалған материалды дискурстық талдау тілдік ерекшеліктер негізінде мәдени маркерлерді анықтауға мүмкіндік берді. Әзіл мен сарказмды жиі қолдану, британдық мәдениетке тұспалдаулардың көптігі, ашықтық пен сыпайылық дәрежесі, таптық сана мен құндылықтардың тұспалдары негізгі нәтижелердің кейбірі ғана. Бұл зерттеу баспа басылымдарындағы тіл мен мәдениет арасындағы күрделі қарым-қатынасты көрсетеді және басқа дискурсивті формалар бойынша болашақ зерттеулерге және қазіргі британдық газет дискурсындағы мәдени нюанстарды жан-жақты талдауға негіз қалайды.