Көркем мәтіндегі метафораланудың когнитивтік стилі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519712
        109 90

Аннотация

Мақалада метафораланудың когнитивтік стилі көркем бейнелеудің ерекше тетігі ретінде қарастырылады, оның көмегімен мәтінді бейнелі қабылдау қалыптасады. Когнитивтік лингвистика теорияларына сүйене отырып, метафоралық ойлаудың негізіндегі концептуализация үдерістері талданады және олардың көркем шығарманың семантикалық кеңістігін құрылымдауға қалай ықпал ететіні қарастырылады. Метафоралық құрылыстың ерекшеліктері, оның көпдеңгейлі ұйымдастырылуы және эстетикалық қабылдауымен байланысы зерттеледі. Алынған нәтижелер тілдік және мәдени тәжірибені тереңірек түсіну үшін көркем әдебиетті талдауда когнитивтік әдістерді пайдаланудың маңыздылығын көрсетеді. Мақаланың өзектілігі көркем мәтіндегі метафоралану үдерісі жазушының когнитивтік стилін әсерлі пайдалануда екендігін түсіндіреді. Когнитивтік психология, лингвистика және көркем талдауды біріктіретін пәнаралық тәсілді пайдалана отырып, метафораның құрылымын қалай қалыптасатынын зерттейді. Мақалада метафоралық құрылымда эмоционалдық резонанс және бейнелі сөздің үйлесуі туралы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ақынның танымдық стилі мен көркем мәтіндердегі метафоралану үрдісінің байланысын зерттеп, нақтылау. Ақынның жеке когнитивтік қабілеттері метафора жасауға қалай әсер ететінін зерттей отырып, ойлау үдерістері мен бейнелі сөздің өзара сәтті үйлесуін түсінуге мүмкіндік береді. Когнитивтік стильді метафоралық құрылымдармен байланыстыра зерттеу концепт моделін қалыптастыруды байытады. Метафоралану үдерісіндегі когнитивтік стильдің қызметін түсіну көркемдік талдауды жетілдіреді. Мақала BR21882249 «Мәдениетаралық коммуникация құралы ретіндегі қазақ тілінің ұлттық корпусын (ҚТҰК) жетілдіру және оның ішкорпустарын кеңейту» жобасы аясында әзірленген.

Түйін сөздер: метафозация, когнитивтік стиль, ой бейне, ойлау, бейнелі сөздер.

Авторлардың биографиясы

A. Әмірбекова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Амирбекова Айгул Байдебековна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы, Қазақстан, e-mail: marghan01@mail.ru);

Қ. Рысберген, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – филология ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы, Қазақстан, e-mail: ms.rysbergen@mail.ru);

Д. Пашан, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Пашан Дана Мұсабекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы, Қазақстан, e-mail: paspan_dan@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Әмірбекова A., Орынбасар, Т., Рысберген, Қ., & Пашан, Д. (2025). Көркем мәтіндегі метафораланудың когнитивтік стилі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 197(1), 18–28. https://doi.org/10.26577/EJPh202519712