Поэтонимдердің мәдени-фондық негізі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph6Аннотация
Қазіргі ғылыми еңбектерде белгілі бір халық мәдениетінің негізі болып табылатын ұлт тілі – адами қарым-қатынастың ажырамас бөлігі, әлеуметтік-қоғамдық құрылымның басты индикаторы, сондай-ақ ұлттық құндылықтың маңызды құрамдас компоненті ретінде қарастырылады.
Тіл – лингвомәдени қоғамдастықтың жинақталған және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тәжірибесінің тасымалдаушысы. Ал мәдениет өз кезегінде қоғамның дамуына қажетті ақпаратты өңдеу және таңбалау жүйесі ретінде сипатталады.
Құндылықтар жүйесіндегі адам өмірінің маңызды категорияларының бірі – тіл болғандықтан, ол адамның әлеуметтік жағдайында қарым-қатынас орнату қабілетін көрсетеді және өзін-өзі танитын тіршілігін, рухани және эстетикалық қажеттілігін бағалауға қатысты ойлау жүйесі арқылы сабақтастыққа ие, ал сөйлеу әрекеті өз тарапынан рухани және тұрмыстық кеңістіктегі болмысқа негізделгенін көрсетеді.
Бүгінгі күні әдебиеттану мен тілтаным саласының келелі мәселелерінің бірі – руханиятымыздың негізі болып табылатын халықтың танымы, этнографиялық, өркениетке қатысты атаулары, этнолексика, қазақ ұлтына тән мәдени-дүниетанымдық ерекшеліктерді, яғни тілдің кумулятивтік және поэтикалық қызметіне, халықтық әдеби-тілдік дәстүрімен ұштасатын поэтикалық тілдің өзіндік заңдылықтарын және оның эстетикалық құрал ретінде жұмсалуын, көркем сөз кестесінің төгілу жолдарын, көркем сөз құралдарының тілдік көрінісін қарастыру болып табылады.
Поэтонимдер – стилистикалық құрылым мәнерін, поэтикалық мәтінде жалқы есім атауларының қолданылу ерекшелігін, оқырман қауымның түйсінуі мен жазушының эстетикалық мақсатын айқындайтын ономастиканың бір тармақшасы.
Кілт сөздер: поэтоним, мәдени-фондық негіз, ономастика, лингвомәдени бірлік, уәж, ұлттық құндылықтар.