Қазақ әдебиетіндегі архетип және символ: психоаналитикалық талдау жасаудың кейбір мәселелері (халық хикаялары мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph14Аннотация
Мақалада «Архетип» және «Символ» ұғымдарының зерттелуі әдебиеттің психоанализ бағытындағы зерттеулерге сүйене отырып талданады. Негізгі зерттеу объектісі/материалы ретінде қазақ халық хикаялары негізге алынды. Зерттеудің мақсаты – психоанализ әдісі арқылы қазақ халық хикаяларына талдау жасау. Зерттеу жүргізу барысында психоанализдің теориялық аспектілерін зерделеуде Зигмунд Фрейд, Карл Густав Юнг, Эрик Фромм пікірлері басшылыққа алынса, психоанализ әдістемесі бойынша Джозеф Кэмпбелл, Билл Мойерс, Тұрсын Жұртбай пікірлерімен қуатталды. Мақалада «Бабалар сөзі» жүз томдығының 11,23,30,31-томдарына енген діни, батырлық, ғашықтық, дастани хикаялардың бірқатарына архетиптік талдау жасалды. Психоанализдің дамуындағы негізгі үш кезеңі жүйеленіп, зерттеу мектептері мен оның өкілдері жайлы мәліметтер берілді. Бұл ретте Ресей зерттеушілерінің пікірлері мен мақала/монографиялары басшылыққа алынды. Мақаланың әдістемелік базасын жазуда Түркиядағы әдебиеттегі психоанализдің заманауи зерттеулердің нәтижелері қолданылды. Сонымен қатар, неофрейдшылар қатарындағы Э.Фромм еңбегінің, К.Г.Юнг еңбектерінің бірқатары және М.Экичинің теориялық мәселелерге көзқарасы түрік тілінде жарияланған еңбектер қазақ тіліне аударма жасау арқылы алынды. Анима, анимус, ана, әке, көлеңке архетиптері талданып, халық хикаяларындағы сюжет сабақтастығымен мысалдар келтірілді. Мақалада «Бабалар сөзі» жүзтомдығынан алынған халық хикаялары өлең тармақтарының реттік саны арқылы көрсетілді.
Кілт сөздер: хикая, архетип, Фрейд, Юнг, әдебиет.