Техника ғылымдары терминжүйесінің лингвистикалық сипаты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph07
        98 90

Аннотация

Мақала техника ғылымдары, оның ішінде механика және машинажасау салаларының терминжүйесіне лингвистикалық сипаттама беруге арналып, аталған салалардың терминдерін тұрпат және мазмұн межесі (құрылымдық және мағыналық) тұрғысынан жіктеу, олардың терминдену үдерісін талдау көзделді.

Зерттеу барысында жалпы техника салалары терминдерінің жасалу жолдары көрсетіліп, ғылым мен техника салаларында пайда болған жаңа ұғымдарды атау үдерісі кезеңдерге топтастырылды.

Мақалада механика және машинажасау салалары терминжасамының мынадай ерекшеліктері анықталды: синтетикалық (морфологиялық) тәсілдің, яғни жұрнақтар арқылы термин жасау қарқынды қолданылады; аналитикалық (синтаксистік) тәсілмен жасалған терминдердің құрамы әртүрлі болып келеді;  аналитикалық (синтаксистік) тәсілдің сөзқосым және сөз тіркестіру түрі басым қолданылады; тіркестіру арқылы жасалған терминдер орыс тілінен құрылымдық, семантикалық-синтаксистік калькалау әдісіне негізделеді; лексика-семантикалық (конверсия) тәсілмен жасалған терминдік атаулар төл сөздеріміздің мағынасын ұлттық танымға негізделген метафоралық қолданыс арқылы кеңейту нәтижесінде пайда болады; аталған сөздіктерде жарыспалы қолданыс түрлері кездеседі; мұндай қолданыстарға әртүрлі лингвистикалық және экстралингвистикалық түрткіжайттар (факторлар) себеп болады.

Зерттеуде жүйелеу, лексика-семантикалық топтау, құрылымдық талдау, сипаттау, компоненттік талдау, дедуктивті және индуктивті талдау, синхрондық талдау, лингвистикалық интерпретациялау (түсіндіру), пәнаралық салыстыру және ішінара салғастыру әдістері қолданылды.

Мақаладан алынған нәтижелер техника ғылымдары салаларының терминжүйесін, жалпы қазақ тілінің терминологиялық қорын дамытудың ғылыми-теориялық, қолданбалы-практикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіруге үлес қосады, яғни ғылыми зерттеулер жазуда, әртүрлі сөздіктер (терминологиялық реестрлік, терминологиялық түсіндірме және т.б.) құрастыруда, терминологиялық жұмыстар жүргізуге арналған әртүрлі әдістемелік нұсқаулықтар жасауда, техника ғылымдары салалары мамандарының, оқытушы-профессорлар құрамының, журналистердің, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруда, терминология бойынша жоғары оқу орындарында дәрістер оқуда маңызы жоғары болады деп санаймыз.

Түйін сөздер: техника ғылымдары, термин, сөздік, біріздендіру, жарыспалылық.

Авторлардың биографисы

S. Kulmanov, Институт языкознания имени А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Құлманов Сәрсенбай (корреспондент автор) – кандидат филологических наук, доцент, Институт языкознания имени А.Байтурсынова (Алматы, Казахстан, e-mail:k.k.sarsen@mail.ru);

 

N. Ashimbaeva, Институт язкознания имени А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Әшімбаева Нағима – кандидат филологических наук, Институт языкознания имени А.Байтурсынова (Алматы, Казахстан, e-mail:nagima010@mail.ru);

 

А. Omarova, Институт язкознания имени А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Омарова Аягүл – младший научный сотрудник, Институт языкознания имени А.Байтурсынова (Алматы, Казахстан, e-mail: awonai_jany@mail.ru);

 

Zh. Eskendir, Институт язкознания имени А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Ескендір Жарас – младший научный сотрудник, Институт языкознания имени А.Байтурсынова (Алматы, Казахстан, e-mail: jaras.eskendir.98@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Kulmanov, S., Ashimbaeva, N., Omarova А., & Eskendir, Z. (2024). Техника ғылымдары терминжүйесінің лингвистикалық сипаты. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 69–81. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph07