Эмоциялардың метафоралық көрінісіндегі семантикалық рөлдер (салыстырмалы аспект)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph7Аннотация
ЭМОЦИЯ – СҰЙЫҚТЫҚ метафоралық моделі әлемнің әртүрлі тілдерінде кеңінен қолданылады және бірнеше рет лингвистикалық зерттеулердің объектісі болды. Мақаламыздың мақсаты – ЭМОЦИЯ – СҰЙЫҚТЫҚ моделінің қазақ және орыс тілдерінде қайғы, қуаныш, ашу сияқты негізгі эмоциялардың белгілері әрекет ете алатын семантикалық рөлдер деңгейінде қалай жүзеге асырылатынын салыстыру.
Метафораны тұрақты қолданылу мысалдары сөздік және корпус деректерін пайдалана отырып таңдалды. Зерттеуде кластерлік тәсілді қолдану қарастырылып отырған эмоциялардың негізгі белгілерін қамтуға мүмкіндік берді. Зерттеу аясында етістіктер мен сын есімдердің семантикасына ерекше назар аударылды, олар бір жағынан метафоралық контексттерде қайнар көзімен байланысты сақтайды, ал екінші жағынан белгілі бір семантикалық рөл туралы түсінік қалыптастырады және жалпы алғанда белгілі бір метафоралық модельдегі ықтимал семантикалық рөлдердің жиынтығын анықтайды.
Мақалада ЭМОЦИЯ – СҰЙЫҚТЫҚ қандай тәсілдермен тұжырымдалатының тілдер арасындағы негізгі жүйелі ұқсастықтар мен айырмашылықтар сипатталған. Талдауымыз көрсеткендей, қазақ тілінде бір кластердің лексемалары бірдей семантикалық рөлді атқауға ұмтылады, ал орыс тілінде әртүрлі лексемалардың бірнеше семантикалық рөлдерге бөлінуі байқалады.
Семантикалық және салыстырмалы зерттеулер үшін алынған нәтижелер құнды болып табылады. Атап айтқанда, семантикалық рөлдерді талдау белгілі бір тілде белгілі бір метафоралық модельдің қолданылуын едәуір нақтылауға мүмкіндік береді
Түйін сөздер: метафора, семантикалық рөлі, эмоциялар, қазақ тілі, орыс тілі.