Зерттеу университетіндегі орыс тілі шет тілі ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph14
        95 75

Аннотация

Мақалада зерттеу университеті жағдайында шетелдік білім алушыларға арналған «Орыс тілі» пәнінің қазіргі таңдағы өзекті проблемалары қозғалған. Зерттеу университетінде орын алған оқу үдерісіндегі мәселелерді шешудің баламалары ұсынылады. Авторлардың ұсыныстары бойынша шетелдік білім алушыларға арналған «Орыс тілі»  пәні «Орыс тілі шет тілі» пәні ретінде жүргізілуі керек. Осының негізінде авторлар электрондық оқу құралының тақырыптық мазмұнын ұсынады. «Орыс тілі» пәні аясында оқулықтар мен оқу құралдарына ғылыми шолу жасалады. Нәтижесінде олардың мазмұны зерттеу университетінің міндеттерінде қарастырылған идеяларға сәйкес келетіндігі анықталады. Сондай-ақ шетелдік білім алушылардың оқу үдерісіндегі қиындықтарын анықтау мақсатында және орыс тілін шет тілі ретінде оқыту қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсетілген. Мақаланың мақсаты – орыс тілі пәнінің мазмұнының нақты жағдайда зерттеу университетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін анықтау және осы негізде жаңа электрондық оқу құралының моделін ұсыну. Зерттеу нәтижесінде авторлар шетелдік білім алушылар үшін оқу құралының (электрондық) қажеттілігін анықтайды және оның зерттеу университетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігінің маңыздылығын атап көрсетеді. Мақалада көтерілген өзекті мәселе шешілген жағдайда, нәтижелер ЖОО-дағы «Орыс тілі» пәнінің мазмұнын жаңарту үшін пайдалануға болады.

Түйін сөздер: Орыс тілі шет тілі, оқу құралы, зерттеу университеті, білім беру үдерісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

 

Авторлардың биографисы

A. Akhmet, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Ахмет Акбопе Нуркадыркызы - докторант, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, г. Алматы, email: slope.akhme@gmail.com)

M. Aimagambetova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Аймагамбетова Малика Муратовна - PhD, старший преподаватель, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, г. Алматы, email: aimagambetovamalika@gmail.com)  

G. Yanrong, Чжэцзянский университет иностранных языков, Шаосин, КНР

Гао Яньжун - PhD, Чжэцзянский университет иностранных языков (Шаосин, КНР, email: 497105497@qq.com) 

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmet, A., Aimagambetova, M., & Yanrong, G. (2024). Зерттеу университетіндегі орыс тілі шет тілі ретінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 193(1), 151–161. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph14

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы