Медиа кеңістігіндегі эрративті компоненттер

Авторлар

  • G. Amangeldiуeva Казахская национальная академия искусств имени Т.К.Жургенова, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0009-0006-2752-739X
  • R. Shakhanova Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0003-0941-6806

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph1
        155 164

Аннотация

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: соңғы кездері медиа кеңістігінде қостілде қолданатын қазақтардың жіберетін қателері жиілеп кетті. Осындай мәтіндер негізінде адресанттың мәдениет деңгейі мен оның тәрбиесі анықталады. Бұл үрдіс тіл мамандарын бейжай қалдырмады. Сондықтан авторлар Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бірінші және екінші курс студенттерімен бірге  «Сауатсыздықты жою» жобасын жүзеге асырып, нәтижесінде медиа кеңістігіндегі қателерді зерттеді. Орыс тілінде сөйлеудегі нормадан ауытқуларды жан-жақты талдау жұмыстың мақсаты болып табылады. Мәселені толығырақ ашу үшін зерттеуші «девиация», «эрратология» және «эрративті компонент» ұғымдарын пайдаланады. «Девиация» термині тіл жүйесінің нормасынан, қарым-қатынаста, сөйлеу тәжірибесінде ауытқуды қамтиды және нормадан қатеге дейінгі ұстанымды алады. Эрратология, өз кезегінде, қателерді жіктеуге, олардың қалыптасу сипаты бойынша бағалауға, сондай-ақ оларды түзетуге мүмкіндік береді. Авторлар ұлғайып келе жатқан 15 қате құрамдас бөліктерден тұратын межелік бақылау әдісін қолданды. Олардың әрқайсысы типтік ауытқулар мен қателерді қамтиды. Бұл әдіс дидактикада пайдалы болуы мүмкін. Жобаға қатысқан студенттер әртүрлі әдістермен таныса алды: материалды жинау, материалды өңдеу және түсіндіру; салыстыру, қатар қою, статистикалық, сипаттамалық; жалпы ғылыми әдістер: индуктивті, дедуктивті, типологиялық, модельдеу. Жоба студенттерге мәтіндердегі қателерді өз бетінше тауып, оларды талдауға және де емле ережелерін қайталауға мүмкіндік берді.

Тірек сөздер: эрратология, девиация, эрративті компонент, қостілділік, қате.

Авторлардың биографисы

G. Amangeldiуeva, Казахская национальная академия искусств имени Т.К.Жургенова, г. Алматы, Казахстан

Амангельдиева Гульмира Амангелдикызы (корреспондентный автор) – PhD, и.о. доцента Казахской национальной академии искусств имени Т. Жургенова (г. Алматы, Казахстан, эл.почта: gulmira_amangeldieva@mail.ru);

R. Shakhanova, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахстан, г. Алматы

Шаханова Розалинда Аширбаевна доктор педагогических наук, профессор Казахского национального педагогического университета имени Абая (г. Алматы, Казахстан, эл.почта: lindaros@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Amangeldiуeva G., & Shakhanova, R. (2024). Медиа кеңістігіндегі эрративті компоненттер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 193(1), 4–12. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph1