Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі: ҚАЗТЕСТ жүйесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph7
        225 304

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының тілдік саясатының жаңа бағыттары мен басымдықтарын анықтаудағы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтерудегі ҚАЗТЕСТ жүйесінің маңызы мен рөлі туралы айтылды. Тілдік саясат күрделі үдерістерді қамтиды әрі оның анық, ашық механизмдерімен қатар, жасырын тетіктері де болады. Ғалымдар тілдік тестілеуді тілге қатысты мемлекеттік әрі саяси міндеттерді орындаудың жасырын құралына жатқызады. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай қазақ тілінен тест тапсыруға мемлекеттік қызметкерлер міндеттелетін болса, мемлекеттік тілдің әлеуметтік құндылығы (беделі) көтеріледі, ол өз кезегінде, тілдің ресми, қызметтік саладағы таралу аймағын кеңейтеді. Әйтпесе қазіргі жағдайда тілдің ресми құжаттардағы көрінісі сапалық өзгерістерді қажет етеді. Мәтіндер орыс тілінен аударма жолымен дайындалады, сондықтан тілдің ішкі заңдылықтары мен нормаларына қайшы қолданыстар кездеседі. Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін толық меңгеруі қызметкерлерге коммуникативтік мүмкіндіктер беруімен қатар, қазақ тілінің барлық салада толық қолданылуына жағдай жасайды. Қазақ тілінің қоғамның нақты қатынас құралына айналуына көмектеседі. Мемлекеттік тілді үйренудің нақты әрі материалды мотивациясы пайда болады. Ол қоғамдағы жоғары жағдай, қызметтік өсу, беделді топтың мүшесі болу секілді әлеуметтік факторлармен байланыстырылады.

Кілт сөздер: мемлекеттік тіл, тілдік саясат, ҚАЗТЕСТ жүйесі, тілдік тестілеу.

Авторлардың биографисы

Zh. Kuzembekova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Жанна Күзембекова – PhD, старший преподаватель КазНУ имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, эл.почта: zhanna_22list.ru);

R. Aksholakova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Райгул Акшолакова (корреспондентный автор) – PhD докторант, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, эл.почта: raigula57@mail.ru);

Жүктелулер

Как цитировать

Kuzembekova, Z., & Aksholakova, R. (2024). Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі: ҚАЗТЕСТ жүйесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 193(1), 77–85. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph7