Жавлон Жовлиевтің «Қорықпа» романындағы Түркістан аймағы жастары мен тәуелсіздік кезең қоғамының образы

Авторлар

  • А. Akhmetova Кембриджский университет, Соединённое королевство Великобритании и Ирландии, г. Кембридж https://orcid.org/0000-0003-0990-1182

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph013
        95 96

Аннотация

Посткеңестік Орталық Азия қаламгерлері соңғы отыз жылда көркем әдебиетте әртүрлі тақырыптарды қозғаумен қатар, тарих тақырыбын қайта баяндауға ерекше назар аудара отырып, халық жадындағы (пост)отаршылдық жарақаттардың себеп-салдарын көрсетуге тырысады. Мемлекеттер отаршылдық билікпен қош айтысқанымен, отаршылдық із қалдырған қоғам жадындағы жарақаттар қоғамның әртүрлі саласында постотаршылдық синдромын тудырады. Оның айқын белгілері ретінде қоғамда бүгінге дейін орыс тілі үстемдік құратынын, халық өкілдерінің өзіне тән ұлттық және тарихи бірегейлігінен ажырауын, жаһандану белең алған сайын аралас бірегейліктің артуын, қоғам қабаттарындағы мәдени және интеллектуалдық мешеулікті, тіл мен дінге бөліну себебінен ортақ құндылықтардың әлсіреуін және қоғам өкілдері бақытты әлемнің басқа бөлігінен іздеуге ынталы екенін, т.б. атауға болады. Бұған отаршылдықтан басқа жаһандану себептері мен факторлары да орасан әсер етті. Сонымен қатар, жазушылардың бір бөлігі отаршылдық ой-сананы отарсыздандыруға ұмтылыс жасау үшін тарихтың сәтті оқиғаларын үлгі ретінде әдеби өнімі арқылы ұсынып келеді. ХХ ғасырда Түркістан аймағын – қазіргі Орталық Азия өлкесін «ұйқыдан ояту» үшін жәдидизм бағытының өкілдері қоғам салаларын ілгерілетуде орасан күш жұмсады. Қазіргі жазушылардың кейбірі бүгінгі қоғамның әлеуметтік проблемаларын қозғай отыра халық санасын отарсыздандыру үшін жәдидтердің реформаторлық қызметтерін роман арқылы интерпретациялайды. ХХ ғасырда жәдидтер ұлттық әлеуетті күшейту үшін өзара қаржы жинап, Түркістан аймағының жетпіс студентін Берлинде оқытуға бел буады. Студенттер Батыста алған білімді өз отанында қолдануға ынталы болады. Жәдидтер Орталық Азияны білім ресурсымен қаруландыру арқылы гүлдендіруге ұмтылады. Отаншыл жәдидтердің ағартушылық жолындағы қадамдары Өзбекстан жазушысы Жавлон Жовлиевтің «Қорықпа» («Қўрқма») романын жазуына әсер еткен. Романда Берлинде білім алып, өз елінде қызмет еткені үшін сталиндік зорлық-зомбылыққа ұшыраған Түркістан аймағының жетпіс білім алушысы мен ХХІ ғасырдағы тәуелсіз мемлекет студенттерінің бет-бейнесі параллель ыңғайда «бауыры ауырған қоғам» көріністерімен қоса бедерленген. Роман көпқырлы болғандықтан, мәтін контексі әртүрлі мағыналарды меңзейді. Роман жарық көргенде көптеген оқырман мен әдеби орта, зерттеушілер қауымы назар аударғанымен, роман дискурсы постотарлық аспектіде қарастырылмаған болатын. Бұл мақалада «Қорықпа» романыны постотарлық сын, рецептивтік эстетика және жаңа сын тұрғысынан зерделенеді.

Түйін сөздер: Жавлон Жовлиев, қазіргі өзбек әдебиеті, роман, Қўрқма.

Автордың биографиясы

А. Akhmetova, Кембриджский университет, Соединённое королевство Великобритании и Ирландии, г. Кембридж

Ахметова Айнур Мырзалиевна (корреспондент автор) – PhD, Кембриджский университет, Соединённое королевство Великобритании и Ирландии, г. Кембридж, е-mail: qazakhmetova@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmetova А. (2024). Жавлон Жовлиевтің «Қорықпа» романындағы Түркістан аймағы жастары мен тәуелсіздік кезең қоғамының образы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 134–145. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph013

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение