Көркем мәтіндегі диалектицизм және окказионализмдер (Тағай Мұрат шығармалары мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph14Аннотация
Мақалада көркем мәтіндегі диалектизм (диалектизмдер) мен авторлық окказионализмдердің стильдік ерекшеліктері баяндалған. Өзбекстанда өзбектер түркі халықтарының өкілдері – қарақалпақтар, қазақтар, қырғыздар, түркімендермен іргелес өмір сүреді. Бұл жағдай аймақтағы өзбек диалектілеріне түркі тілдес халықтармен түрлі ұлт тілдері үлкен ықпалын тигізіп, мұндай сөздерді зерттеу өзбек тілінің сөздік құрамындағы ұмыт болып бара жатқан тілдік элементтерді, тіл тарихындағы көмескі лексика-грамматикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік туғызады. Мақалада көркем мәтіндегі диалектизмдер мен авторлық окказионализмдердің стильдік ерекшеліктері зерттеу нысанына алынған. Тоғай Мұрат шығармалары мысалында диалектизм мен окказионализмнің классификациясы, диалектілік және әдеттен тыс жасанды сөздер – окказионал лексикалық бірліктер жинақталып, іріктеліп, мысалдармен беріледі. Автор мен кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріндегі диалектілерге тән сөздердің әр түрлі стильдік бояулары, халық сөздері негізінде сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған жаңа сөздерді қолданудағы шығармашылық шеберлігі талдалған. Жұмыста лингвистикалық талдау, жіктеу, сипаттау, салыстырмалы-тарихи, семантикалық-стилистикалық талдау әдіс-тәсілдері қолданылды. Таңдалған, сұрыпталған диалектілік және окказионалды бірліктерге талдау жасалынды. Тоғай Мұрат шығармаларында көрініс тапқан өзбек диалектілеріндегі сөздердің лексикалық ерекшеліктерін үйрену халықтың тұрмыс-тіршілігін, кәсібін, мінез-құлқын зерттеуге жол ашады және өзбек тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы үшін құнды мағлұмат бере алады.
Түйін сөздер: лексика, диалектизмдер, окказионализмдер, көркеммәтін, жасандысөздер, сөзжасам.