Газет басылымдарының дискурсындағы фразеологиялық бірліктердің прагматикалық әлеуеті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph8
        17 22

Аннотация

Мақалада фразеологиялық бірліктердің газет дискурсындағы авторлар мен оқырмандар арасындағы тиімді ақпараттық және өзара әрекеттестікті қалыптастырудағы прагматикалық рөлі зерттеледі. Прагматика – тіл мен бастапқы деректердің контекстуалдық сипаттамалары арасындағы байланысты қарастыратын қызықты лингвистикалық зерттеу саласы. Фразеология, прагматика және газет дискурсы саласындағы М. Копыленко, А. Кунин, Т. А. ван Дейк, Н. Фэрклау және басқа да ғалымдардың елеулі еңбектеріне ерекше назар аударылуы зерттеудің теориялық негізі ретінде есептеледі. Зерттеудің мақсатына The New York Times, The Washington Post және The Wall Street Journal сияқты ірі американдық онлайн басылымдарында жарияланған газет мақалаларына жан-жақты прагматикалық талдау жүргізу жатады. Ақпараттың өзектілігін көрсету үшін зерттеуде соңғы алты айда (2023 жылғы қыркүйек – 2024 жылғы наурыз) шыққан газет мақалалары іріктеліп алынды. Газет дискурсындағы фразеологиялық бірліктердің прагматикалық әлеуетін талдау үшін К. Хайландтың (2005) интерактивті метадискурс моделі қолданылды. Нәтижелерде көрсетілгендей, газет мақалаларының прагматикалық тиімділігі мен коммуникативтік әсері зерттелген лексикалық элементтердің қолданылуы арқылы едәуір артады. Олар берілген ақпараттың мағынасын күшейтеді, автордың көзқарасын қолдайды және оқырмандарды талқыланып жатқан мәселеге ой жүгіртуге ынталандырады. Нәтижелер лингвистика мен журналистикада фразеологиялық бірліктерді нақты коммуникативтік мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді пайдалануға пайдалы болуы мүмкін.

Түйін сөздер: фразеологизм, газеттік дискурс, идиома, фразалық етістік, прагматикалық әлеует, журналистика.

Авторлардың биографисы

О. Молотовская, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Молотовская Ольга – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: olgavmol@gmail.com);

М. Жамбылқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Жамбылқызы Марина – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: olgavmol@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Молотовская, О., & Жамбылқызы, М. (2025). Газет басылымдарының дискурсындағы фразеологиялық бірліктердің прагматикалық әлеуеті . ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 196(4), 86–98. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v196.i4.ph8