«Жүсіп − Зылиха» дастанының идеялық-тақырыптық сипаты. Идейно-тематический характер дастана «Жусуп – Зылиха»
Кілттік сөздер:
нұсқа, версия, сюжет, психологизм, деталь, мотив, сарын, бейне, дастан, мұра, тартыс, эпос, дәстүр, эпизод, вариант, психология, образ, наследие, конфликт, традиция, эпизод.Аннотация
Мақалада Әлидің «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы махаббат тақырыбының игерілу жайы мен адамзат баласын толғандыратын күрделі мәселелердің көркемдік шешіміне қатысты проблемалар қарастырылады. Автор Зылиханың арнау сөзі арқылы жасалатын Жүсіп портреті мен Жүсіпке құлай ғашық болатын мысырлық әйелдер әрекеті арқылы сұлулық эстетикасының табиғатына тоқталып өтеді. Алтын Орда дәуірінен жеткен жазба ескерткіштің фольклорлық мұраға қатысы да зерттеу жұмысының ауқымынан сырт қалмайды. Ізденуші бас кейіпкердің батырлық күш-қайратын діни аңыздар мен дастан жанрындағы типтік мотивтермен салыстыра отырып, Дүрбек нұсқасының түркілік қаһармандық эпос пен батырлық ертегілердегі дәстүрлі сарындарға жақын екендігін анықтайды. Таурат, Інжіл сияқты ескілікті кітаптардан бастау алатын көне сюжетті түркі әлеміне таныстырған Әли ақын туындысын толық танып, білу үшін осы тақырыптың шығыс әдебиетіндегі игерілу жолымен таныс болған жөн. Мақала авторы Жүсіп бойындағы дәріптелетін он қасиеттің түрлі нұсқаларда қандай өзгерістерге ұшырағанын атап өтеді. Содан соң Фирдоуси версиясындағы психологизм элементтеріне назар аударады. Тіпті, Низамидің «Хұсырау-Шырын» поэмасы мен «Жүсіп-Зылиха» дастанының Жәми нұсқасынан да ұқсастықтар табады. В настоящей статье рассматриваются вопросы, имеющие отношение к решению сложных проблем, раскрывающих сложную тему человечества и среды в романтическом дастане Али «Жусуп – Зылиха». Автор достигает максимальной эстетической полноты через поступки египетских героинь, через образы влюбленных в Жусупа, через слово-посвящение, создающее портрет Жусупа. Не осталось в стороне от фундаментальных исследований и богатое фольклорное наследие письменных памятников периода Золотой Орды. Сравнивая типические мотивы дастанного жанра, главных персонажей произведения, силу религиозных легенд, соискатель закономерно выявляет близкие, традиционные мотивы в богатырских сказаниях и героическом эпосе тюркских вариантов Дурбека. Полностью освоив великое наследие поэта Али, познакомившего тюркский мир с древнейшими сюжетами и мотивами, берущими начало из таких книг, как Тора и Библия, исследователь выбрал правильный путь для изучения этой сложной темы в восточной литературе. Автор статьи в процессе исследования ясно раскрыл во многих образцах различные грани Жусупа, и его из- менения. После этого он обратил своё особое внимание на психологические элементы поэтической версии великого Фирдоуси. Он также обнаружил сходство дастанных вариантов Джами «Жусуп – Зылиха» со сказанием Низами «Хосров и Шырын».Библиографиялық сілтемелер
1 Шайхулисламұлы Ж. Жүсіп−Зылиха ∕∕ Ғашықнаме Алматы: Жазушы, 1976.
2 Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. − Москва, 1965.
3 Дүрбек. Юсуф и Зулиха. – Москва, 1987.
4 Әли. Қисса Юсуф. Қазан. − 1922.
5 Табари. Кабир Торжиман. − Алматы, 2012.
6 Тагирджанов А.Г. Влияние поэмы Фирдауси «Йусуф и Зуляйха» на «Кисса и Йусуф» Али и «Йусуф и Зуляйха» Шояз Хамзы. − Палистинский Сборник, 1970, вып. 21.
7 Гавахария А.А. Персидские источники грузинских версий «Юсуф и Зэлиха». − Тбилиси, 1958.
2 Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. − Москва, 1965.
3 Дүрбек. Юсуф и Зулиха. – Москва, 1987.
4 Әли. Қисса Юсуф. Қазан. − 1922.
5 Табари. Кабир Торжиман. − Алматы, 2012.
6 Тагирджанов А.Г. Влияние поэмы Фирдауси «Йусуф и Зуляйха» на «Кисса и Йусуф» Али и «Йусуф и Зуляйха» Шояз Хамзы. − Палистинский Сборник, 1970, вып. 21.
7 Гавахария А.А. Персидские источники грузинских версий «Юсуф и Зэлиха». − Тбилиси, 1958.
Жүктелулер
Как цитировать
Bisenbayev, P. (2015). «Жүсіп − Зылиха» дастанының идеялық-тақырыптық сипаты. Идейно-тематический характер дастана «Жусуп – Зылиха». ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 145(5,6). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/488
Шығарылым
Бөлім
Литературоведение