Лингводидактикадағы қазіргі трендтер мен сұраныстар

Авторлар

  • Д. Дюсенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0003-4514-9856
  • М. Мусатаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-1409-3151

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198220
        98 24

Аннотация

Қазіргі білім беру жүесі айтарлықтай өзгерістер кезеңін бастан кешуде. Бұл өзгерістер білім беру парадигмасының жаңаруымен және цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен тығыз байланысты. Экстралингвистикалық факторлар қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына, соның ішінде білім беру саласына белсенді еніп, дәстүрлі тәсілдердің әлсіз жақтарын айқындап, оқытудың бар үлгілерін қайта қарауды талап етеді. Бұрынғы оқыту әдістері функционалды сауатты, креативті және бейімделе алатын түлектерді даярлауда жеткіліксіз екені айқын болды.

Осы жағдайларда дидактика алдында жаңа, тиімді білім беру стратегияларын жедел іздеу міндеті тұр. Бұл стратегиялар оқушыларда зерттеу, коммуникативтік, сыни және шығармашылық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған болуы тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін оқу процесіне біріктіру ерекше маңызға ие болуда. Бұл мұғалімдерден оқыту тәсілдерін, құралдары мен әдістемелерін үнемі жаңартып отыруды талап етеді.

Мақалада отандық және шетелдік лингводидактикадағы өзекті үрдістер, соның ішінде жаңа білім беру парадигмаларына көшу және цифрлық технологияларды белсенді пайдалану мәселелері талданады. Орыс тілін оқытуда мультимедиалық платформалар, ЖИ-сервистер және цифрлық құралдардың әлеуетіне ерекше назар аударылған. Зерттеудің мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллектті кіріктіру арқылы орыс тілін оқыту әдістемелерін зерттеп, талдау, оқушылардың зерттеушілік, коммуникативтік, сыни және шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық беру.

Зерттеудің әдістемелік негізін отандық және шетелдік жетекші дидакт-ғалымдардың (А.В. Хуторской, Н.Н. Хан, Ш. Колумбаева, К.К. Жампеисова және т.б.) еңбектері құрайды. Жұмыстың негізгі нәтижесі – орыс тілін оқытуда жобалық әрекет алгоритмдерін қолдану тәсілдерін әзірлеу. Алынған нәтижелер онлайн және аралас оқыту жағдайында жоғары практикалық маңызға ие және мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған тренингтерде қолдануға болады.

Түйін сөздер: лингводидактика, эвристикалық тәсіл, интербелсенділік, мобильді білім беру жүйесі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект жүйелері.

Авторлардың биографиясы

Д. Дюсенова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Дюсенова Д.С. (корреспондент-автор) – PhD докторант, орыс тілі және әдебиет кафедрасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: didusenova@gmail.com);

М. Мусатаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Мусатаева М.Ш. – ф.ғ.д., профессор, орыс тілі және әдебиет кафедрасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: mussatayeva@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Дюсенова, Д., & Мусатаева, М. (2025). Лингводидактикадағы қазіргі трендтер мен сұраныстар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 215–226. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198220

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы