Готикалық, магиялық, барокколық туындылардағы кейіпкерлер жүйесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198215
        161 49

Аннотация

Көркем туынды атаулының барлық жанрында қаһарман автор үшін ең негізгі мәселе және автордың ой дүниесін жеткізуде өзімен қатарлас, бірге әрекет етуші бейне болып табылады. Бұл мақалада қазақ-мажар әдебиетіндегі барокколық, готикалық, магиялық туындылардағы кейіпкерлер әлемі талданады. Қазақ және мажар жазушыларының ХІХ-ХХІ ғасырда жарық көрген туындыларындағы кейіпкерлердің қосарлану мотиві, аруақтар мен елестер, мәйіт образы салыстыра мәтіндік талдау негізінде сараланды. Кейіпкерлер архетипі, психологиясы мен автор психологиясының арасындағы байланыс, аруақ образының жағымды және жағымсыз белгісі мен гендерлік сипаты қарастырылды. Асқар Алтай, Мадина Омарова, Қойшыбек Мүбарак, Мақсат Мәлік, Лира Қоныс, Дьёрдя Драгоман, Ласло Дарваши әңгімелеріндегі кейіпкерлер типологиясына талдау жүргізіледі. Аталмыш авторлардың бас қаһарманның мінезінде, іс-әрекетінде, ойында ешкімге ұқсамайтын, көбіне жеке тұлғаға тән, оны ұлттық болмысын аша түсетін даралық, нақтылық қалып-қасиетті сақтау, негізгі авторлық идеяны жеткізу тәсілдері талданады. Кейіпкер адам – қоғам – әмбебап өмірінде болып жатқан барлық нәрселердің негізгі себебі ретінде түсініледі. Кейіпкер мен баяндаушының құрылымын талдау, бейнені талдау тікелей шығармада көрсетілмеген авторлық позицияны анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында герменевтикалық, компаравистикалық әдістер қолданылды. Кейіпкер терминінің түсіндіруде ғалымдар тұжырымына негізделіп, готикалық, бароккалық, магиялық туындылардағы образдар жүйесі, қалалық балалар типі мысалдармен дәлелденді. 

Түйін сөздер: Қазақ-мажар әдебиеті, бароккалық стиль, готикалық өрнек, магиялық мотив, постмодернизм, көркем шындық, образдар жүйесі, қала балалар типі.

Авторлардың биографиясы

С. Сагидуллиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Сагидуллиева Сандугаш Саматовна – PhD докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, e-mail: samatovna2021@inbox.ru);

М. Оразбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Оразбек Мақтагүл Социалқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, e-mail: makpal_zere@mail.ru);

Г. Мухиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

Мухиева Гүлмира Сейтмұхамбетовна – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қ., Қазақстан, e-mail: mgs-94@mail.ru).  

Жүктелулер

Как цитировать

Сагидуллиева, С., Оразбек, М., & Мухиева, Г. (2025). Готикалық, магиялық, барокколық туындылардағы кейіпкерлер жүйесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 166–175. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198215

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение