Тілдік қарым-қатынас прагматикасын меңгертудің әдістемелік проблемалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198217
        122 37

Аннотация

Зерттеу жаһандану және мәдениеттер тоғысуы жағдайында студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін қазақ тілін оқытуда прагматиканы интеграциялаудың маңызын алға тартады. Зерттеудің мақсаты – болашақ мұғалімдерді прагматиканы тиімді оқытуға дайындаудың стратегияларын зерттеу. Себебі бұл тілдік білім берудің жиі еленбейтін, қиындықтарға толы, бірақ маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу нәтижелері 60-тан астам ғылыми еңбектерді сапалы тақырыптық талдауға негізделген. Бұл ғылыми еңбектер прагматиканы оқытудағы педагогикалық қиындықтарға, оқыту әдістеріне және бағалау стратегияларына назар аударуы бойынша іріктелді. Негізгі нәтижелер прагматиканың абстарциялық табиғаты мен мәдени контекстке тікелей байланысын, қазақ тілі бойынша ресурстардың жетіспеушілігін ғылыми еңбектерде жиі прагматиканы оқуытудағы қиындық ретінде аталғанын анықтадық. Одан бөлек ғалымдар прагматиканы оқыту әдістерінің айқындылығы, түсініктілігі мен нақтылығының маңыздылығын баса көрсетеді. Зерттеу прагматикалық құзыреттілікті арттыруда инновациялық құралдардың, соның ішінде цифрлық платформалардың рөлін ерекше атап өтеді. Бұл жұмыс мұғалімдерді дайындау бағдарламаларына, оқу жоспарларын әзірлеуге және қазақ тіліне бейімделген прагматикалық бағалау құралдарына арналған нақты ұсыныстар ұсыну арқылы осы салаға өз үлесін қосады. Нәтижелер қазақ тілі мұғалімдері мен студенттері үшін практикалық ұсыныстар береді, мәдениеттер тоғысуы жағдайында қарым-қатынас пен тиімді тіл оқытуды жақсартуға ықпал етеді.

Түйін сөздер: прагматика, мұғалімнің дайындығы, оқытудың қиындықтары, прагматикалық құзыреттілік.

Авторлардың биографиясы

А. Абдул Рахманұлы, SDU University, Қазақстан, Қаскелен қ.

Абдул Рахманұлы Абдулкәрім (корреспондент автор) – PhD, SDU University (Қаскелен, Қазақстан, *e-mail: a.abdulrakhmanuly@sdu.edu.kz);

М. Жолшаева , SDU University, Қазақстан, Қаскелен қ.

Жолшаева Майрафилология ғылымдарының докторы, SDU University (Қаскелен, Қазақстан, e-mail: maira.zholshayeva@sdu.edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Абдул Рахманұлы A., & Жолшаева M. (2025). Тілдік қарым-қатынас прагматикасын меңгертудің әдістемелік проблемалары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 186–193. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198217

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы