Қазіргі қазақстандық әңгімедегі психологизм
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025197112Аннотация
Бұл мақалада қазіргі қазақстандық шағын прозадағы психологизмге дәйекті талдау жасалды. Герольд Бельгер, Николай Веревочкин, Әсел Омар әңгімелерінің мысалында көркем әдебиеттегі психологизмді қайта құру формалары зерттеледі. Бұл зерттеудің мақсаты-реализм әдісіне жататындығын ескере отырып, қазіргі қазақстандық шағын проза шығармаларындағы психологизмнің әртүрлі формаларын талдау. Зерттеудің негізгі ғылыми идеясы - қазақстандық жазушылардың әдеби кейіпкерлердің ішкі әлемін детерминизм негізінде сенімді бейнелеуге деген әртүрлі көзқарастары қазіргі әдебиеттегі психологиялық құралдардың алуан түрлілігін көрсетеді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы оның нәтижелері мен тұжырымдары жаңа көркем материалды терең талдауға қызмет ете алатындығымен анықталады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның материалдары қазіргі қазақстандық прозада психологизмді зерттеу сабақтарын әзірлеу үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігінде көрінеді. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі әдістер қолданылады: сипаттамалық, поэтикалық-құрылымдық, салыстырмалы, тарихи-әдеби. Сонымен қатар, материалды түсіну үшін түсіндіру әдісі қолданылды. Осы әдістерді қолдану, алынған ғылыми нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз етті. Мақалада қазақстандық авторлар өздерінің ішкі әлемі мен мінез-құлқының байланысын анықтайтын детерминизм принципін іске асыру негізінде кейіпкерлерді шынайы бейнелеу үшін психологизмнің әртүрлі формаларын қолданатыны анықталды.
Түйін сөздер: психологизм, детерминизм, қазақ әдебиеті, әңгіме, реализм.
