Қожанасыр туралы әңгімелердегі анималистік бейнелерді идентификациялау мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025199317
        120 27

Аннотация

Қожанасыр – шығыс мәдениетінде кеңінен танымал, халық даналығы мен көрегенділігін бейнелейтін сатиралық әдеби қаһарман. Оның есіміне қатысты әзіл-оспақ пен өмірлік өнегелерге толы әңгімелерде анималистік бейнелер, соның ішінде есек бейнесі, айрықша орын алады. Бұл бейне даналық, көнбістік, шыдамдылық, еңбекқорлық, сонымен қатар, ақымақтық пен тоғышарлық сияқты адамның мінез-құлқы мен табиғатына тән түрлі қасиеттерді сипаттауға бағытталған. Әңгімелерде есек бейнесі Қожанасырдың болмысын, даналығы мен өмірлік философиясын ашуда маңызды мәдени, символдық және әлеуметтік қызмет атқарады.

Мақалада әлем әдебиеті мен фольклоры контексінде анималистік бейнелерді идентификациялау тәсілдері мен интерпретациялық ерекшеліктерін талдау басты назарға алынды. Әсіресе, есек бейнесінің мәдени және тарихи контекстердегі орны, оның әлеуметтік нормалар мен стереотиптерге ықпалы қарастырылды. Бұл жануар кейде қосалқы әдеби қаһарман ретінде оқиға желісіне араласса, кейде әзіл-ысқақтың тікелей нысанына айналып, философиялық және этикалық идеяларды насихаттаудың құралына айналған.

Сонымен қатар, мақалада анималистік символиканың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді бейнелеудегі қызметі қарастырылды. Әңгімелерде кездесетін бейнелерді идентификациялаудың түрлі әдістері мен тәсілдері, олардың мәдени ықпалы және Қожанасыр туралы фольклорлық мәтіндердің жалпы контексіндегі маңызы талданды. Зерттеу нәтижесі, Қожанасыр туралы әңгімелердегі анималистік бейнелер арқылы ашылатын күрделі әдеби характер кешенді зерттеуді қажет ететін құбылыс ретінде айқындалды.

Түйін сөздер: Қожанасыр, анималистік бейне, әдеби қаһарман, әзіл-оспақ, әлеуметтік идея, интерпретация, идентификация.

Авторлардың биографиясы

А. Кенжеқожаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Кенжеқожаева Ақбота (корреспондент-автор) – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: ak_bota555@mail.ru);

С. Дәрібаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Дәрібаев Самалбай Дәрібайұлы филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: samal.daribaev@gmail.com);

Ж Мамбетов, SDU University, Қазақстан, Алматы қ.

Мамбетов Жолдасбек Ормаханович – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, SDU university (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zholdas_19@mail.ru).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Кенжеқожаева, А., Дәрібаев S., & Мамбетов Z. (2025). Қожанасыр туралы әңгімелердегі анималистік бейнелерді идентификациялау мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 185–193. https://doi.org/10.26577/EJPh2025199317

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение