Қазақстанның жоғары оқу орындарында орыстілді әдебиетті оқытудың мәдени бағыты: мәтін мен мәнмәтіннің өазара байланысы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025198223Аннотация
Көпмәдениеттілік пен жаһандану жағдайында жоғары оқу орындарында әдебиетті оқыту мәдени бағытты интеграциялауды талап етеді. Бұл мақалада Қазақстанның жоғары оқу орындарында орыстілді әдебиетті оқытудағы мәдени бағыттың тиімділігі зерттеледі және мәтін мен оның мәдени контексінің өзара байланысына ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты – әдебиетті оқытудың мәдени бағыттағы тиімділігін мәдени контексті ескере отырып эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеу барысында ұсынылған әдістеменің студенттердің мәдени сауаттылық деңгейіне, аналитикалық қабілеттерінің дамуына және әдеби мәтіндерді тарихи-мәдени тұрғыда интерпретациялау дағдыларына ықпалы талданады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – мәдени бағытқа негізделген әдебиет оқытудың жаңа әдістемесін әзірлеу, ал практикалық маңыздылығы – оқу үдерісіне мәдени бағытты енгізетін оқытушыларға арналған ұсынымдар дайындауда. Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы талдауды, шығармаларды текстологиялық зерттеуді, студенттерге сауалнама мен тестілеу жүргізуді қамтыды. Зерттеу нәтижелері мәдени бағытты қолдану студенттердің қызығушылық деңгейін арттырып, мәтінді түсіну қабілеттерін жақсартқанын және олардың мәдениетаралық коммуникация дағдыларының дамуына ықпал еткенін көрсетті. Негізгі назар әдеби мәтін мен оның мәдени контексінің өзара байланысын талдауға аударылды. Зерттеуде А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский, В.В. Набоков, Л.Е. Улицкая сияқты авторлардың шығармалары пайдаланылды. Бұл шығармаларда көрініс тапқан мәдени кодтар мен тарихи шындықтарды зерделеу үшін негіз ретінде қызмет етті. Эксперименттік топ тестілеу нәтижесінде бақылау тобымен салыстырғанда 20,6%-ға жоғары нәтиже көрсетті. Өткізілген зерттеу көпұлтты елдердегі білім беру бағдарламаларын жаңғыртуда мәдени бағытты интеграциялаудың маңыздылығын дәлелдейді.
Түйін сөздер: мәдени бағыт, мәтін мен контекст, жоғары оқу орнында оқыту, цифрлық технологиялар, интерактивті оқыту әдістері.
