Шетел тілін оқытудағы ұлттық бірегейлік
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025197114Аннотация
Қазақстандық ғылымдағы ұлттық бірегейлік феномені әртүрлі әлеуметтік және гуманитарлық тұрғыдан жеткілікті және терең зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі таңда шет тілін оқыту тұрғысынан ұлттық бірегейлік тақырыбын дамытуға мүмкіндік беретін бірде-бір нақты тәсіл әзірленбеген. Отандық зерттеушілер шетел тілдерін оқытудың жалпы артықшылықтарымен қатар білім беру үрдісінде мемлекет саясатымен негізделген бұл бағытқа назар аударылмаса ұлттық бірегейлікке теріс әсер ететін кемшіліктері бар екендігімен келіседі.
Зерттеудің мақсаты-шетел тілін оқытуға арналған оқулықтарға шолу жасау, сонымен қатар студенттердің ұлттық бірегейлік туралы түсініктерін анықтау. Зерттеу әдісі- сипаттамалық зерттеу және әдебиетке шолу жасауға негізделген аралас әдіс. Ағылшын тілі дәрістерінде университет студенттерінің ұлттық бірегейлік туралы түсініктерін анықтау үшін сауалнама моделі бойынша сипаттамалық зерттеу қолданылды. Студенттердің назарына ұсынылған сауалнама мақсаты: студенттердің ұлттық бірегейлік мәселесіне көзқарасын анықтау; ағылшын тілін үйрену кезінде ұлттық танымдағы материалдарды пайдалану теориясы мен тәжірибесін анықтау және студенттердің шетел тілі мен мәдениетіне деген арақатынасын және олардың ағылшын тілі мен мәдениетін үйренуге қатысты ішкі ыңғайсыздық сезімінің себептерін анықтау. Зерттеу деректері 15 студентке сауалнама жүргізу және қазақстандық студенттерге арналған ағылшын тілі оқулықтарын талдау арқылы жиналды. Зерттеудің негізгі нәтижелері қазақ студенттерінің ұлттық бірегейлігін дамыту үшін шетелдік оқулықтарды бейімдеу тәсілдерін қарастырды.
Түйін сөздер: ұлттық бірегейлік, шетел тілі мен мәдениеті, оқулықтарды зерделеу.