Білім беруді цифрландыру: XXI ғасырдағы шет тілін оқыту әдістерінің трансформациясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025198222Аннотация
Мақалада білім беруді цифрландыру, оның тиімділігі, оң және теріс жақтары талқыланады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың оқушылардың үлгерімі мен мотивациясына әсер ету мүмкіндігі бағаланады. Шетел тілдерін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкін болатын білім беру әлеуеті, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруы және оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу әдістері бойынша ұсыныстар осы мақалада қарастырылған. Мақаланың мақсаты – білім беруді цифрландыру жағдайында шет тілін үйретудің заманауи тәсілдерінің мүмкіндіктерін бағалау және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқу үдерісін шығармашыл және динамикалық етуге көшу қажеттілігін зерделеу. Цифрлық білім беру оқушыларды интерактивті цифрлық орталарға тарту және мұғалімдердің гибридті дербестендірілген оқыту курстарын, инновациялық, тартымды оқыту стратегияларын пайдалану арқылы жаңа оқу мүмкіндіктерін ұсынады. Қазіргі жағдайда оқушылардың үлгерімін ескере отырып, олардан тек қана цифрлық контентті ойластыратын пайдаланушыларды ғана емес, сонымен қатар динамикалық әңгімелеу, деректерді визуализациялау арқылы өз дағдыларын біріктіріп, идеялармен алмаса алатын цифрлық медианы тиімді құраушылардан болуы талап етіледі. Мақалада білім берудегі цифрландырудың қоғамға пайдасы мен кейбір тәуекелдері туралы отандық және шетелдік авторлардың еңбектері сипатталған. Мақалада цифрлық білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері анық көрсетілген. Соңғы және ең озық технологиялар өте қымбат болғандықтан, қазіргі уақытта цифрландырудың жақтаушылары да, қарсыластары да бар. Бұл мақаланың негізгі идеясы инновацияны ынталандыратын икемді оқу ортасын құру болып табылады.
Түйін сөздер: білім беруді цифрландыру, шет тілдерін оқыту, цифрлық технологиялар, оқыту әдістемесі, цифрлық трансформация.
