Тілдерді оқытудың белсенді әдісі ретінде аудиовизуалды материалдарды пайдаланудың тиімділігі

Авторлар

  • A. Өмірзақова Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-9120-6199
  • С. Тұрбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3612-2080
  • Р. Өскенбаева Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-0401-611X

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198224
        170 36

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – қазақ тілі сабақтарында студенттердің тыңдалым дағдыларын дамыта отырып, тілдік және сөйлеу құзыреттерін аудиовизуалды материалдардың көмегімен қалыптастыру. Аталған практикалық мақсатты шешу барысында аудиовизуалды оқыту құралдары, оның ішінде фильмдердің дидактикалық материал ретінде практикалық маңыздылығы анықталды; қазақ тілі сабағында студенттердің тілдік және сөйлеу құзыреттерін дамыту үшін тапсырмалар кешені әзірленді.

Студенттердің тыңдалым дағдыларын меңгеруі – қазақ тілін үйренудегі маңызды кезеңі. Сөйлеу әрекетінің түрлері, нақтырақ айтқанда, тыңдалым мен жазылым дағдыларын меңгеру деңгейі студенттің тілдік жетілуінің объективті көрсеткіші бола алады. Аудиовизуалды материалдармен жұмыстың мотивациялық-бағдарлы, аналитикалық-синтетикалық және рефлексиялық-бақылау кезеңдерінде ұсынылатын әдістемелік тәсілдер қазақ тілі сабағында естіген/көрген ақпараттарды саналы түрде қабылдауға және дәлме-дәл түсінуге, студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытуға жағдай жасайды.

Фильмнің құрылымдық және мазмұндық ақпаратын аналитикалық-синтетикалық кезеңде талдау және рефлексивті-бақылау кезеңінде орындалатын тапсырмалардың алуан түрлілігі студенттердің қатысымдық тұлға ретінде шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Аудиовизуалды материалмен жұмыс кезінде ұсынылған тапсырмалар студенттің жаңа ақпаратпен танысу, оған шолу жасау, ұсынылған мәселе бойынша сыни ойлау, берілген тақырып бойынша ақпараттық-іздестіру қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Түйін сөздер: тыңдалым, дағды, аудиовизуалды оқыту құралдары, тілдік құзырет, сөйлеу құзыреті, қатысымдық тәсіл.

Авторлардың биографиясы

A. Өмірзақова, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы

Өмірзақова Альфия Кеңесқызы (автор-корреспондент) – филология ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қаласы, Қазақстан, *e-mail: a.omurzakova@satbaeyev.university);

С. Тұрбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Тұрбекова Салтанат Ақтайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан, e-mail: sturbekova@mail.ru);

Р. Өскенбаева, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы

Өскенбаева Рауза Мүтәліпқызы – PhD, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қаласы, Қазақстан, e-mail: r.uskenbayeva@satbayev.university).

Жүктелулер

Как цитировать

Өмірзақова A., Тұрбекова, С., & Өскенбаева, Р. (2025). Тілдерді оқытудың белсенді әдісі ретінде аудиовизуалды материалдарды пайдаланудың тиімділігі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 261–269. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198224

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы