Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh202519822Аннотация
Заманауи дәуірде адам баласының тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі жасанды интелект тілі арқылы дамуы әлемде қарқынды даму үрдісін бастан кешіп жатыр. «Жасанды интеллект» терминнінің пайда болуының 70 жылдық тарихы бар, жаңа технологияларды игерудің адамзат баласы үшін зор мүмкіндіктері ғылымның әр саласына үлкен төңкерістері әкелді. Зеттеудің ғылыми-тәжірибелік рөлі ЖИ тілінің жаппай қолданысқа енуі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бағытын туғызады. Бай қалыптасқан сөздік қоры бар, құрылымдық заңдылығы әрі функционалдық – семантикалық, эмоционалды-мәнерлілігі қуатты, когнитивті-ассоциациалық талғамы жоғары, коммуникативті-прагматикалық, прагмастилистикалық әлеуеті күшті ана тіліміздің салауатты, сымбатты өміршеңдігі ЖИ тілінде сақталып қалу тұрғысынан лингвистикалық болжау мен бағамдау жасау осы мақаланың басты мақсаты болып саналады. Қазіргі пайдаланылып жатқан ЖИ-дағы сөйлеу мен жазу парадигмасында сөз лингвистикасының табиғи тіл үлгісіндегі және жасанды тіл үлгісіндегі лингвистикалық мүмкіндіктері сараланады. Олай болса, компьютерлік ғылым саласының жаңа бағыты болып саналатын ЖИ тілін зерттеу барысында саласын зерттеген әлемдік және отандық ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Мақалада қазіргі пайдаланылып жүрген қазақ тіліндегі ЖИ тілінің ана тілдің ұлттық байлығын пайдалаудың олардың құрылымдық трансформациалануы және функционалды-семантикалық, куммулятивтік, концептуалды- ассоциациалық мәнін жүйелеу міндеті негізінде қарастырылады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, табиғи тіл, жасанды тіл, лингвистикалық ерекшеліктер, семантикалық мәні, сөз және мәтін.
