ХХ ғасыр басынан етістіктің зерттелуі және «Абай жолы» романындағы күрделі етістіктер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198211
        137 37

Аннотация

Мақала етістіктің грамматикалық категориялары мен құрылымын метабелгіленімде қалай көрсетуге болатынына арналған. Ол үшін, алдымен, тілдегі күрделі етістіктер, олардың түрлері мен жасалу ерекшеліктеріне байланысты ғалымдар пікірлеріне арнайы тоқталып, сараланды. Мақаланы жазу барысында кестелер сызылды, қазақ тіліндегі дара және күрделі етістіктердің сызбалары жасалды. Күрделі етітіктердің қолданысы туралы белгілі бір дәрекжеде ақпаратты толықтыра түсу үшін «Абай жолы» романындағы етістіктердің қолданысы мен құрылымдық ерекшеліктері қарастырылу көзделді. Романнан мысалдар іріктеу, күрделі етістіктерді компоненттер санына қарай топтастыру мақсаты көзделді. Соның негізінде күрделі етістіктеге арналған ақпараттар қатары толығады деп шешілді.

Ол үшін мынадай міндеттер көрсетіледі: грамматикалық катеогриялары көп болып табылатын ірі сөз табы етістіктің жалпы морфологиялық сипатына, өткен ғасыр басындағы көзқарастарды қамти отыра тағы да тоқталу; етістікке берілген анықтамаларды тарихи кезеңдерден (ХХ ғасыр басынан қазіргі күнге дейінгі) бастап салыстыру; етістіктердің лексика-грамматикалық бөлінісі мен грамматикалық категорияларының әр кезеңдегі жіктелісіне тоқталу; олардың грамматикалық категориялары мен грамматикалық мағыналарын тудыратын қосымша морфемаларды көрсету; категориялардың аталуындағы (терминдер жүйесіндегі) кезеңдік ерекшеліктерді көрсету; етістіктердің құрылымдық топтарын санамалап өту; күрделі етістіктердің компоненттерінің санының құбылуы күрделі іс-әрекеттердің семантикасына әсері болатын я болмайтынын анықтау; сол арқылы бөлінісі жүзеге асатынын көрсету; сондай-ақ «Абай жолы» романындағы етістік түрлерінің қолданысына тоқталу барысында күрделі етістіктер жөніндегі ғылыми ақпаратты толықтыруға әрекет ету және, ең негізгі мәселенің бірі, осыған дейінгі тіл корпустарындағы етістікке қатысты әзірлемелердің ерекшелігін көрсету т.б.

Түйін сөздер: метабелгіленім, «Абай жолы» романы, рай формасы, күрделі етістік, етістік құрылымы.

Авторлардың биографиясы

Б. Момынова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Момынова Бағдан Қатайқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: momynova_b@mail.ru); 

Ж. Саткенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Саткенова Жайна Багашаровна (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: jaina1978@mail.ru);

У. Анесова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Әнес Үміт Ғарифоллақызы – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: a_ymit@mail.ru);

Г. Мадиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Мадиева Гульмира Баянжановна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gmadi@kaznu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Момынова, Б., Саткенова, Ж., Анесова, У., & Мадиева, Г. (2025). ХХ ғасыр басынан етістіктің зерттелуі және «Абай жолы» романындағы күрделі етістіктер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 118–128. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198211