Қазақ тіліндегі «фразеологиялық әлем бейнесінің» мәдени-прагматикалық әлеуеті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198210
        121 46

Аннотация

Қазіргі антропоөзектік парадигманың зерттеу үдерісін негіздейтін «тілдегі адам» проблемасы тілді танудың кешенді зерттеу жүйесін талап етеді. Осы орайда тілдің танымдық, әлеуметтік, мәдени феномен ретіндегі табиғи болмысын тіл иесінің әлем туралы білімі қалыптасатын «ғаламның бейнесімен» сабақтас зерттеу – аса маңызды. Осы сабақтастықтың айшықты қазыналық өзегін құрайтын фразеологизмдердің қазақ болмысын танытатын мәдени тілдік кешенді жүйесін этнолингвистикалық, лингвомәдени, линговәлеуметтік т.б. кешенді жүйесін қазақ тіл білімінде тіл ⁓ этнос (адам) ⁓ мәдениет, тіл ⁓ табиғат сабақтастығына сүйенген академик Ә.Т. Қайдар мектебінің антропоөзектік бағытта жан-жақты жүргізілген зерттеулерінің нәтижесі белгілі. Мақалада осы мектептің өкілі фразеолог-ғалым Г.Смағұлованың тілді тіл білімінің жаңа бағыттарына және парадигмалары негізінде жүргізілген зерттеулеріне сүйеніп, қазақ тіл білімінде когнитивтік фразеологияның қалыптасу мәселесі сөз болады. Осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы тілді зерттеудің лингвокогнитивтік деңгейіне сай тілді қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл арқылы бейнеленген «ұлттық коды» қағидасын ұстанатын ғалымның қазақ фразелогиясын лингвистикалық парадигмалар бойынша анықтаған, қазақ дүниесінің «фразеологиялық бейнесін» сипаттау мақсатында жүргізілген зерттеулерінің жүйесі заманауи лингвистиканың деңгейінде бағаланады. Мұндай бағыттағы зерттеулер тіл мен мәдениет бірлігін тереңірек ұғынуға және ұлттық болмысты танымдық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: фразеологиялық әлем, когнитивті фразеология, тіл ⁓ этнос (адам) ⁓ мәдениет, тіл ⁓ табиғат, ұлттық код, лингвоакциологиялық талдау, мәдениеттанымдық коммуникация, антропоөзектік парадигма, зооморфизмдер, соматизмдер, фразеологизмдер.

Авторлардың биографиясы

Ж. Манкеева, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Манкеева Жамал Айтқалиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, e-mail: mankeeva1950@mail.ru);

А. Жаңабекова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Айман Жаңабекова – А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Алматы, Қазақстан, e-mail: aiman_miras@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Манкеева, Ж., & Жаңабекова, А. (2025). Қазақ тіліндегі «фразеологиялық әлем бейнесінің» мәдени-прагматикалық әлеуеті. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 108–117. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198210