Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы «Жер-Ана» ұғымы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025198212Аннотация
Мақалада Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы «Жер-Ана» ұғымының көркемдік-философиялық мазмұны концептілік тұрғыда жан-жақты талданады. Жазушы туындыларында табиғат тек қоршаған орта емес, адамзаттың рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін кең ұғым ретінде көрініс табады. Зерттеу нысаны ретінде «Жан пида», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармалары алынған. Әр шығармада Жер-Ана образы түрлі логикалық модельдер арқылы (тіршілік көзі, әділет символы, мейірімді ана, тарихи жад иесі) ашылып, жазушының табиғатқа, жерге деген гуманистік және экологиялық көзқарасы көрсетіледі. Сондай-ақ көркемдік бейнелеу құралдары, пейзаж сипаттары мен кейіпкер табиғатына қатысты мағыналық өрістер анықталып, концептінің ұлттық дүниетаныммен сабақтастығы айқындалған. «Жер-Ана» ұғымының рухани, философиялық және экологиялық қырлары талданып, жазушының табиғатқа деген терең гуманистік көзқарасы мен жерге қатысты ерекше құрметі көркемдік құралдар арқылы қалай берілетіні нақты мысалдармен дәлелденеді. Сонымен қатар «туған жер», «атақоныс», «ана бейнесі», «табиғат тылсымы» сияқты мағыналық өрістері көркем мәтінде қалай берілгені көрсетіледі. Мақалада Жер-Ана концептісінің рухани, философиялық, экологиялық қырлары жүйеленіп, көркем мәтінмен сабақтастырыла сараланған. Мақалада алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарындағы сөз мағынасына қатысты пәндерді оқытуда және тақырыпқа қатысты зерттеулерде пайдалануға болады.
Түйін сөздер: Жер-Ана, табиғат, экология, адам, өмір, концепт.
