Орыс және қазақ тілдеріндегі «қонақ/гость» концептісінің когнитивтік және лингвомәдени параметрлері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519933
        118 45

Аннотация

Мақалада «қонақ/гость» концептісінің орыс және қазақ тілдеріндегі когнитивтік және лингвомәдени ерекшеліктері салыстырмалы аспектіде қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қонақжайлық феноменінің концептуализациясындағы универсалды және мәдени-спецификалық сипаттарды айқындау қажеттілігімен байланысты. Бұл феномен әрбір этностың менталитетін, құндылық жүйесін және тұлғааралық қатынас үлгілерін бейнелейтін іргелі әлеуметтік категория болып табылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ және орыс тілдеріндегі паремиялық және фразеологиялық деректер негізінде «қонақ / гость» концептісінің когнитивтік құрылымы мен аксиологиялық параметрлерін сипаттау. Міндеттер қатарына дефинициялық және семантикалық талдау, фреймдік модельдеу және салыстырмалы сипаттама жасау енеді. Зерттеу әдіснамасы когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және паремиологиялық талдау тәсілдеріне негізделген. Эмпирикалық база ретінде «қонақ / гость» компоненті бар тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер алынған. Зерттеу нәтижесінде орыс тіліндегі «гость» ұғымы екіұшты мағынаға ие екені анықталды: ол әрі құрметті мейман, әрі әлеуетті қауіп көзі ретінде қарастырылады. Ал қазақ дәстүрінде «қонақ» қасиетті, құт әкелетін бейне, бейбітшілік пен ашықтықтың символы ретінде қабылданады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – концептінің мәдениетаралық қырынан тұңғыш рет жүйелі лингвомәдени түсіндірмесі берілуінде. Практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді мәдениетаралық коммуникацияны оқытуда, этнолингвистикада, мәдениеттануда және аударма ісінде қолдануға болады.

Түйін сөздер: қонақ / гость, концепт, паремия, когнитивтік лингвистика, мәдениетаралық талдау.

Авторлардың биографиясы

И. Байсыдык, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: i.baissydyk@gmail.com, https://orcid.org/0000-0001-5013-4398

А. Нурбаева , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Нурбаева Аида Мухтарқызы (корреспондент автор) – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: nurbaeva.aida@bk.ru);

Р. Жетібай , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

PhD докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: zhetibayrakymberdi@gmail.com
https://orcid.org/0000-0003-1582-9973

Жүктелулер

Как цитировать

Байсыдык, И., Нурбаева A., & Жетібай , Р. (2025). Орыс және қазақ тілдеріндегі «қонақ/гость» концептісінің когнитивтік және лингвомәдени параметрлері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 30–41. https://doi.org/10.26577/EJPh202519933