Қазақ поэзиясындағы нөлдік мәтін көрінісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198214
        115 54

Аннотация

Қазіргі заманғы қазақ поэзиясы әртүрлі ізденістердің арқасында форма жағынан трансформациялық құбылыстарды бастан өткізді. Соның бірі ретінде әдеби мәтіннің ықшамдалу үрдісін атап өтуге болады. Поэзияда вербал мәтінмен қоса бос кеңістік, аралықтар мен лакуналар да әртүрлі поэтикалық мағына тудырады. Сонымен қатар, әдеби мәтінде бос кеңістік эксперименттік тәсіл қызметін де атқарады. Бұл зерттеудің мақсаты – қазақ поэзиясындағы бостық кеңістіктердің поэтикалық қызметіне қатысты талдаулар ұсыну. Бұған қол жеткізу үшін мұқият оқу әдісі, салыстырмалы әдіс, аналитикалық-синтетикалық әдіс және рецептивтік теорияның әдеби мәтін мен оқырман коммуникациясына қатысты тәсілдері арқылы ақын Мағжан Жұмабаев, Қошым Ноғай (Байбота Серікбайұлы), Гүлнар Салықбай, Ерлан Жүніс және Әлішер Әлімжанның әдеби мәтіндері егжей-тегжейлі талданады. Зерттеу нәтижесі қазақ поэзиясы мәтіндерінде бос кеңістік пен интервалдар дәстүрлі поэтикалық стандарттарды «бұзу», ақындық ойды семантикаландыру мен оның философиялық мәнін тереңдету, көпшіліктен ғашық адамның есімін жасыру немесе әйел есімінің белгілі болуын қош көрмеу, оқырманның өз бетінше интерпретациялауы арқылы поэзияға әртүрлі мағыналар үстеуге мүмкіндік ұсыну, табиғат көрінісі, оның ішінде даланың түнгі пейзажы мен оған үйлесімділікте ер мен әйелдің махаббатын бедерлеу; дәстүрлі өлең жүйесіне жаңалық енгізу; қазақ дәстүріндегі жеңге мен қайны арасындағы қалжың мағынасын құпия «тіл» арқылы білдіру; балаларға арналған поэзиялық мәтінді бейнелі/суретті (мысалы, өлең жолдарын балық немесе балға формасына келтіру) формаларға айналдыру арқылы эксперимент жасау; сөздің қуатын, поэтикалық энергиясын – поэтикалық энтелехиясын жеткізу; тарих пен ұрпақ жалғастыру дәстүріне және жаһандану белгілеріне сілтеме жасау үшін қолданылатынын көрсетті. Мақала авторы бұл зерттеу қазақ әдеби мәтіндеріндегі нөлдік поэтика қызметін тереңдете зерттеуге үлес қосады деп үміттенеді.

Түйін сөздер: нөлдік мәтін, мәтін поэтикасы, қазақ поэзиясы, эксперименттік поэзия, каллиграмма, оқырман интерпретациясы.

Автордың биографиясы

А. Ахметова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ.

Ахметова Айнур Мырзалиевна – PhD, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы қ., Қазақстан, е-mail: qazakhmetova@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Ахметова, А. (2025). Қазақ поэзиясындағы нөлдік мәтін көрінісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 150–165. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198214

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение