Тілді оқытудағы «тірі білім» ілімінің қағидалары: отандық және әлемдік ғылым тоғысында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2025198218
        37 0

Аннотация

Мақалада Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясының Адам мен Ғалам байланысын танытудағы маңызы мен оның қазіргі білім беру үдерісіндегі танымдық-педагогикалық әлеуеті зерделенеді. Ақымет Байтұрсынұлы теориясындағы «мәніс білім» мен «әдіс білім» – рухани-интеллектуалдық дамудың өзекті ұғымдары. Осы ұғымдар негізінде білімнің өмірмен, адамның ішкі болмысымен және таным табиғатымен тығыз байланысы айқындалып, оларды қазіргі ғылыми парадигмалармен сабақтастыру қажеттігі туындайды. С. Хокинг, Р. Фейнман, Е. Франк секілді ғалымдардың астрофизика, нейробиология, кванттық физика әлеміндегі жаңалықтарының түпкі негіздері мен Ақымет Байтұрсынұлы негіздеген теориялық концепцияның ортақ байламдары түсіндіріледі. Осы теорияларға сүйене отырып, бүгінгі білім беру жүйесінде, оның ішінде қазақ тілін оқыту үдерісіндегі Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясын жүзеге асыру жолдары талдауға алынды. Одан кейінгі мәселелер әлем ғалымдарының «Тірі білім» теориясына қатысты тұжырымдарымен байланысты сөз етіледі. Абай мен әл-Фараби қағидалары «Ілім – Ғылым – Білім» сабақтастығында қарастырылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – «Тірі білім» теориясының мазмұнын қазіргі заманғы ғылыми парадигмалар аясында қайта пайымдау және оның адам мен ғалам арасындағы танымдық тұтастықты негіздейтін гносеологиялық әлеуетін анықтау. Содай-ақ қазіргі білім беру жүйесінде, әсіресе қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуда тиімді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін ұсыну. Зерттеу нәтижесінде Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» ілімі – тек өткеннің мұрасы емес, қазіргі заман білімінің философиялық, психологиялық және әдістемелік тұғырын айқындайтын концептуалдық бағдар екені дәлелденеді.  

Түйін сөздер: білім жүйесі, «тірі білім» ілімі, заманауи ғылым, дүниетаным, «мәніс білім», «әдіс білім».

Авторлардың биографиясы

Ж. Даулетбекова, Қазақcтан-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Дәулетбекова Жанат Тұрарбекқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Қазақcтан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zh.dauletbekova@mail.ru);

Қ. Рай, Қазақcтан-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Рай Қайрат – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақcтан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zh.dauletbekova@mail.ru);

А. Тазабек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

Тазабек Алиса Каналбекқызы – PhD докторант, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: alisa_tazabek@mail.ru);

 

 

Б. Сейітова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Сейітова Бағдагүл Балтабекқызы – PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: seyitova.bagdagul@mail.ru).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Даулетбекова, Ж., Рай, Қ., Тазабек, А., & Сейітова, Б. (2025). Тілді оқытудағы «тірі білім» ілімінің қағидалары: отандық және әлемдік ғылым тоғысында. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 198(2), 194–205. https://doi.org/10.26577/EJPh2025198218

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы