Тілдік ойын тартымды қала кеңістігін құру тәсілі ретінде (Астана қаласының эргонимдерінің негізінде)

Авторлар

  • A. Каудырова К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан, Астана қ https://orcid.org/0000-0002-8375-9471
  • Ф. Исенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0003-2541-5985
  • Г. Дүкембай К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0009-0008-3649-1493

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519939
        83 11

Аннотация

Мақала қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі – заманауи қазақстандық мегаполистің эргонимдік кеңістігін сипаттауға арналады. Оның өзектілігі екі факторға байланысты: біріншіден, эргонимдердің социология, психология, брендинг сияқты әртүрлі пәндік салаларға кіріктірілуімен; екіншіден, мегаполис тұрғынының «ономастикалық санасын» зерттеу арқылы тартымды ономастикалық кеңістік құру тәсілімен айқындалады. Зерттеу нысаны – тілдік ойын элементтері бар эргонимдер. Онда фонетикалық, графикалық, сөзжасамдық, морфологиялық тілдік ойынның түрлі механизмдері іске асырылады. Мұндай эргонимнің мақсаты – назар аударту және көптілді қаланың жағымды бейнесін қалыптастыру. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін лингвистикалық ландшафттың, ономастикалық кеңістіктің әртүрлі қырларын сипаттауға және тілдік ойынды лингвистикалық құбылыс әрі коммерциялық нысандардың атауларын жасаудың тетігі ретінде талдауға арналған қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Мақалада қазақстандық және шетелдік тілші ғалымдардың эргонимияға қатысты теориялық тұжырымдары ұсынылып, олардың қазақстандық қаланың ономастикалық кеңістігіндегі бұл стратегияның тиімділігін көрсете алғаны айқындалады. Зерттеудің өзектілігі Астана эргонимиясын талдауда осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны ретінде таңдалмаған қырдың қарастырылуымен айқындалады. Бұл қазақстандық қаладағы тілдік ойын элементтері бар эргонимдердің қызмет ету ерекшеліктерін көруге мүмкіндік береді. Эмпирикалық материал 117 эргонимнен – Қазақстан астанасындағы коммерциялық нысандардың атауларынан (кафе, фастфудтар, сұлулық салондары және т.б.) құралған. Оларда фонетикалық, графикалық, сөзжасамдық, морфологиялық тілдік ойынның түрлі механизмдері іске асырылады. Бұдан бөлек, қалалық кеңістіктің «тартымдылығын» қалыптастырудағы лингвистикалық тетіктерді айқындау талпынысы жасалады, эргонимдердегі тілдік ойынның қолданылу механизмдері талданады, сондай-ақ Астана тұрғынының тілдік санасында эргонимдердің сәтті/сәтсіз ономастикалық «қабылдануының» нәтижелері сипатталады. Мақала қорытындысында авторлар тілдік ойын элементтері бар қазақстандық мегаполис эргонимдерінің көптілді әрі көпэтносты мегаполистің қауіпсіздік, тұрақтылық және тартымдылық критерийлеріне сай қалалық кеңістік құрудағы рөліне қатысты тұжырымдар жасайды.

Түйін сөздер: эргоним, тілдік ойын, ономастикалық қала кеңістігі, атау, кеңістіктің «тартымдылығы»

Авторлардың биографиясы

A. Каудырова, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан, Астана қ

Каудырова Айман Оразгалиевна (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (Қазақстан, Астана қ., е-mail: akaudyrova@gmail.com);

Ф. Исенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Исенова Фатима Қуанышевна – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доцент м.а. (Қазақстан, Астана қ., е-mail: fatima_9@mail.ru);

Г. Дүкембай, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан, Астана қ.

Дүкембай Гүлжаннат Назымбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті (Қазақстан,  Астана қ., е-mail: gulzhannat0609@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Каудырова, А., Исенова, Ф., & Дүкембай, Г. (2025). Тілдік ойын тартымды қала кеңістігін құру тәсілі ретінде (Астана қаласының эргонимдерінің негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 96–106. https://doi.org/10.26577/EJPh202519939