Білім беру платформаларындағы мәтінді сөз синтезіне берудің жолдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519937
        53 16

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі сөз синтезінің орфоэпиялық және просодикалық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Сөз синтезінің негізгі мақсаты – мәтінді табиғи әрі түсінікті дыбыстап беру. Ол үшін орфоэпиялық нормалар мен просодикалық ерекшеліктердің теориялық тұрғыдан зерделеніп, практикалық негізде талдануы маңызды. Синтез барысында тіл үндестігі, тоғысыңқы және жуысыңқы дауыссыздардың дыбысталуы, сөз аралығындағы дыбыстардың көмескіленуі мен ұяңдануы тәрізді орфоэпиялық құбылыстар жүйелі түрде ескерілуі қажет. Орфоэпиялық және просодикалық заңдылықтар синтез бағдарламасына  икемделіп берілуі үшін модельдермен әрі фонетикалық транскрипцияға негізделген үлгілермен сипатталады. Дыбыстардың фонетикалық ерекшеліктерін нақты көрсететін транскрипциялық белгіленімдер мен модельдер сөйлеудің автоматты синтезін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сөз синтезі табиғи әрі жақсы жұмыс жасауы үшін мақалада просодика мәселесі де сөз болады. Осы жағынан алғанда, сөйлеудің интонациялық ерекшелігін сақтау синтезделген мәтіннің табиғилығына тікелей ықпал етеді. Мәтіндерді синтагмалық, фразалық топтарға бөлу және интонациялық компоненттердің ерекшелігіне қарай беру тыңдаушының қабылдауын жеңілдетеді әрі мазмұнын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Мақала практикалық жағынан маңызды, себебі қазіргі цифрлы заманда сөз синтезінің қажеттілігі артып келеді.  Сөз синтезі білім беру платформалары, мультимедиялық ресурстар, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған бағдарламалар, тіл үйрету жүйелері, аудиокітаптар мен виртуалды ассистенттер үшін кеңінен қолданылады.

Түйін сөздер: сөз синтезі, просодика, орфоэпия, дыбыс, интонация.

Авторлардың биографиясы

Ж. Жұмабаева, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Жұмабаева Жанар Төлендіқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: Janar_tolendi@mail.ru);

А. Аманбаева, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: aaisaule@mail.ru);

Б. Болганбаева, Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақстан, Алматы қ.

Болганбаева Баян Дуйсенбековна – Тілдер кафедрасының профессоры, Қазақ спорт және туризм академиясы (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: bolbayan@mail.ru). 

Жүктелулер

Как цитировать

Жұмабаева, Ж., Аманбаева, А., & Болганбаева, Б. (2025). Білім беру платформаларындағы мәтінді сөз синтезіне берудің жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 77–85. https://doi.org/10.26577/EJPh202519937