Қоғамдық-гуманитарлық саладағы нормативтік терминдер: құрылымдық-модельдік аспект
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh202519931Аннотация
Зерттеу ұлттық ғылым тілін, нормативтік құжаттар, іс-қағаздар т.б. тілін жетілдіруді көздейді. Жұмыста қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері (түгендеу, жүйелеу, реттеу т.б.) басшылыққа алынып, Мемлекеттік тілді дамыту жолында кездесіп отырған қиыншылықтардың бірі – терминологиялық жүйесіздік пен терминологиялық жұмыстардың практикалық жетімсіздігін толықтыру мақсатында бекітілген терминдер, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша қалыптастырылған терминжүйелердің синхронды жағдайы толық айқындалды. 1971-2014 жылдар аралығында бекітілген қоғамдық ғылымдар терминдерінің саны мен көлемі нақтыланып, оларға түгендеу және талдау жұмыстары жүргізілді. Бекітілген терминологияның құрылымдық параметрлерімен көрсеткіштеріне жүгіну кішітілдерде орын алған проблемаларды анықтауды көздейді және терминжасам ісімен айналысатын мамандарға, аудармашыларға аталған қиындықтарды шешудің ықтимал жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Терминологияның құрылымдық ерекшеліктерін қарастырғанда, біз ең алдымен формаға назар аударамыз, яғни терминологиялық бірліктің морфологиялық құрылымына. Осы критерий бойынша арнаулы лексикалық бірліктерді бірнеше құрылымдарға жіктеп көрсеттік. Терминологияны ретке келтірудің аса маңызды міндеті – термин құрылымын анықтау болып табылады және оның қолданыс аясын айқындауды көздейді. Себебі бұл белгілі бір арнаулы білім саласы аясында терминнің сол жүйеге сай басым үлгі бойынша жасалуымен тығыз байланысты.
Түйін сөздер: терминологиялық қор, терминологиялық бірлік, терминжүйе, реттеу, түгендеу.
