Фитоним фразеологизмдер: салғастырмалы аспект

Авторлар

  • С. Исакова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. https://orcid.org/0000-0003-2986-8885
  • Е. Кенесов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. https://orcid.org/0009-0003-0899-5188
  • А. Исакова Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ. https://orcid.org/0000-0002-7556-7795

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519938
        79 13

Аннотация

Мақалада фитоним фразеологизмдерге салғастырмалы талдау жасалды. Тіл білімінде жаңа парадигманың пайда болуымен фразеологизмдерді лингвокогнитивтік, лингвомәдениеттану, салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулер шеңберінде қарастырудың маңыздылығы артып отыр. Кез келген тілдің фразеологиялық жүйесі сол тіл сөйлермендерінің дүние бейнесін, ұлттық ділін, ойлау, сөйлеу ерекшеліктерін, бір сөзбен айтқанда, ұлттың концептуалдық жүйесін бейнелейтін мәдени код ретінде танылады. Мақалада фразеология, салғастырмалы фразеология бойынша жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасалды. Қазақ, ағылшын, француз фитоним фразеологизмдері үш тілдің лексикографиялық дереккөздерінен жиналды, сандық арақатынасы анықталды, семантикалық және когнитивтік-лингвомәдени талдаулар жасалып салғастырылды. Салғастырмалы талдау нәтижесінде олардың ортақ және айырым белгілері анықталды. Үш тілдегі ортақ белгілерге жалпыадамзаттық әмбебап сипат тән болса, айырым белгілер географиялық жағдай, өмір сүру салты, мәдениетіндегі ерекшеліктермен түсіндірілді. Үш тілге ортақ белгілерге адамның жақсы / жаман қасиеттері, мінез-құлықтары, әрекеттері, сұлулық, жастық шақ, қиындықты бейнелейтін фитоним фразеологизмдер жатады. Айырым белгілері қазақ тілінде қарғыс, молшылық / жоқшылық, ағылшын тілінде сәттілік / сәтсіздік, құпиялық, шыдамдылық, француз тілінде ақылдылық, махаббат, өзімшілдік мәнді фитоним фразеологизмдерден көрінеді. Әрбір ұлттың дүниені өзінше қабылдайтыны, қайта жаңғыртатыны және өзіндік дүние бейнесін жасайтыны нақты тілдік материалдарды талдау арқылы дәйектелді.

Мақалада салғастырмалы фразеологияның әдістемесі негізге алынып, талдау, синтездеу, сипаттау, салғастыру әдістері қолданылды.

Түйін сөздер: фразеология, салғастырмалы фразеология, фитоним фразеологизм, дүниенің фразелогиялық бейнесі, когнитивті-лингвомәдени талдау, концептуалдық жүйе.

Авторлардың биографиясы

С. Исакова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

Исакова Сабира Сагынбековна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Қазақстан, Ақтөбе қ., e-mail: sabira-i@yandex.ru).

Е. Кенесов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

Кенесов Есим Кабденович – PhD докторант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Қазақстан, Ақтөбе қ., e-mail: ekenesov@mail.ru).

А. Исакова, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ.

Исакова Асылымай Сагинбековна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Қазақстан, Ақтөбе қ., e-mail:  assylymay.issakova@yu.edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Исакова, С., Кенесов, Е., & Исакова, А. (2025). Фитоним фразеологизмдер: салғастырмалы аспект. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 199(3), 86–95. https://doi.org/10.26577/EJPh202519938