Tүркі әдебиетінің поэзиялық мәтіндеріндегі «ояну» сарыны
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2025199318Аннотация
Түркі халықтарының поэзиялық дәстүрінде «ояну» тақырыбы тарихи жадты, мәдени болмыс пен ұжымдық сананы жаңғыртатын негізгі құндылық ретінде маңызды орын алады. Бұл тақырып жеке рухани ағартушылықты да, халықтар тарих бойы бастан кешкен жаңару мен азаттық жолындағы күресті де бейнелейді. Орта Азия дала мәдениетінен бүгінгі күнге дейін созылған поэзиялық мұрада ояну – эпостарда ұлттың қайта түлеуі, халық поэзиясында әлеуметтік ынтымақ, қазіргі әдебиетте өзінді санының күшеюі ретінде сан алуан көрініс табады. ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болған жәдидтік қозғалысы түркі әдебиетіндегі ояну тақырыбының берік идеялық негізінің қалыптасуына ықпал етті. Заманауи білім, ұлттық сана мен мәдени реформаның идеяларын сол кезеңдегі ақындар метафора мен символика арқылы жеткізсе, ояну мотиві жеке тұлғаның да, қоғамның да азаттығының әдеби символына айналды. Кеңес дәуіріндегі әдебиетте бұл тақырып көбінесе символдық-аллегориялық өрнектер арқылы қоғамдық сананы сақтауға қызмет етті.
Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Ұйғыр тағы басқа түркі халықтарының ақындары оянуды ұлттың қайта дүниеге келуі мен жеке адамның ішкі шындыққа жету процесі деп бағалаған. Бұл зерттеуде ояну тақырыбының тарихи, мәдени және эстетикалық өлшемдері әртүрлі географиялардан таңдамалы поэзия үлгілері арқылы қарастырылады.
Түйін сөздер: ояну, түркі әдебиеті, жадидизм, ұлттық сана, поэзиялық мәтіндер.
